Иманбек "Жыл жаңалығы" номинациясында GQ сыйлығына ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманбек "Жыл жаңалығы" номинациясында GQ сыйлығына ұсынылды

Қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов GQ ерлер журналының "Жыл жаңалығы" номинациясына ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық DJ Иманбек Зейкенов GQ ерлер журналының "Жыл жаңалығы" номинациясына ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иманбектен басқа бұл марапатқа Федор Федотов пен Владимир Онохов сияқты актерлер, Soda Luv атты музыкант, режиссер Евгений Сангаджиев ұсынылды.

Еске салайық, 20 жастағы Иманбек Зейкенов "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған алғашқы қазақстандық атанды. Ол мүсіншені SAINt JHN-ның Roses композициясына ремиксі үшін  алды. Иманбек даңқы шыққанға дейін Ақсу қаласында теміржолшы болып жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде ол Рита Ора, Usher, David Guetta, 50 Cent, Sean Paul және Sofia Reyes сияқты әлемге әйгілі әртістермен ремикс пен тректерді жазып үлгерді.

Сонымен қатар, GQ сыйлығының басқа, "Экрандағы тұлға" номинациясына өскемендік стендап комик Евгений Чебатков ұсынылды, ал павлодарлық Скриптонит "Жыл музыканты" санатына ұсынылды. Режиссер Тимур Бекмамбетов жылдың үздік продюсері ретінде сыйлыққа үміткер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети