Instagram "королі" деп танылған блогер Дэн Билзерян (Dan Bilzerian) Дональд Серроне мен ирландиялық Конор МакГрегор жекпе-жегінде америкалық файтер жеңіске жетеді деп миллион доллар бәс тіккен, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Instagram "королі" деп танылған блогер Дэн Билзерян (Dan Bilzerian) Дональд Серроне мен ирландиялық Конор МакГрегор жекпе-жегінде америкалық файтер жеңіске жетеді деп миллион доллар бәс тіккен, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол ұтыс тіккені жайлы Instagram желісіндегі "сторизде" жариялады. Осылайша ол 40 секундта бір миллион долларынан айырылды.
Dan Bilzerian put over $1,000,000 on Donald Cerrone to beat Conor McGregor last night at #UFC246
— ODDSbible (@ODDSbible) January 19, 2020
He lost it all in less than 40 seconds pic.twitter.com/bgzIEmQtG0
АҚШ-тың Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде UFC 246 турнирінің басты кездесуінде Конор МакГрегор (21-4) мен америкалық Дональд Серроне (36-13) айқасқан. Ирландиялық файтер қарсыласын 40 секундта жеңген болатын. Жекпе-жектен соң Серроне ауруханаға түскен еді.
Айта кетейік, Серроне осымен қатарынан үшінші рет жеңілді. 2019 жылы ол Тони Фергюсоннан жеңілген, ал қыркүйекте Джастин Гэтжи "ковбойды" нокаутқа түсірді. Америкалық файтер UFC промоушенінде 34 жекпе-жек өткізген, оның 23-інде жеңіске жеткен.
Турнир аяқталған соң UFC басшысы Дана Уайт МакГрегордың келесі қарсыласы 19 сәуірде Нью-Йоркте жоспарланған жеңіл салмақтағы ұйым чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болатынын айтты.