16 маусым 2015 | 16:07

Жанна Фриске мен үшін қайталанбас бақыт болып қала береді - Дмитрий Шепелев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанна Фриске мен Дмитрий Шепелев. © dni.ru Жанна Фриске мен Дмитрий Шепелев. © dni.ru

Жанна Фрискенің жолдасы Дмитрий Шепелев өзінің қиын сәттегі сезімін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, "Блестящие" тобының бұрынғы әншісі Жанна Фриске 16 маусымға қараған түні қайтыс болды. 


Иконка комментария блок соц сети

Жанна Фрискенің жолдасы Дмитрий Шепелев өзінің қиын сәттегі сезімін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, "Блестящие" тобының бұрынғы әншісі Жанна Фриске 16 маусымға қараған түні қайтыс болды. 

Әншінің 32 жастағы жолдасы Дмитрий Шепелев екі жасар ұлдары Платонды алып қайғылы жағдай болардан бірнеше күн бұрын Болгарияға аттанған. Super.ru порталының мәліметінше, Жанна Фрискенің жолдасы бірінші рейспен Мәскеуге ұшып келеді. Екі жасар баланың психикасын зақымдамау үшін әншінің ұлы анасының жерлеуіне қатыстырылмайды. Дмитрий Шепелев қолдау көрсеткендердің барлығына Facebook арқылы алғысын жеткізді.

"Біз әрдайым былай дейтін едік: "Бақыт тыныштықты жақсы көреді". Мен сол сөздерге адал болып қала берем, себебі мен үшін Жанна шексіз, таза, қайталанбас бақыт болып қалады. Біз жеңіп шығу үшін берілмедік, күрестік. Мұндай жағдай үшін екі жыл көп деп айтады. Бірақ, әрине біз үшін бұл тым аз. Мен білемін, сіздерсіз біздің оған шамамыз келмейтін еді. Мен әрқайсыңызға алғыс айтқым келеді: Жаннаның емі үшін ақша бергендерге, оның денсаулығы үшін дұға жасағандарға, жай ғана ойлағандарға, бақыт пен күш-қуат тілегендерге. Сіздердің білгендеріңізді қалаймын: бұл екі жыл - сіздердің арқаларыңыз. Рақмет! Мен сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілеймін. Алдағы уақытта біз сияқты денсаулығы мен өмірі үшін күресіп, берілмей жүргендерге көмек көрсетуге бет бұрғым келеді" - деп жазды Шепелев.

Сонымен қатар, белгілі әнші Жанна Фрискенің әкесі Владимир қызының өлер алдында үш ай бойы комада жатқанын мәлімдеді. "РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, әншінің отбасы бұл туралы ешкімге тіс жарып айтпаған. 

Жанна Фриске 41 жасқа қараған шағында бас ми обырынан көз жұмды. Фриске көз жұмған сәтте оның жанында ата-анасы, туған әпкесі мен ең жақын құрбысы, "Блестящие" тобының бұрынғы әншісі Ольга Орлова болған. "Маған қазір сөйлеудің өзі өте қиын. Сол сәтте мен оның жанында болдым. Анасы, әкесі, Наташа және мен Жаннаны ақтық сапарға шығарып салдық", - деді Ольга Орлова.

Жанна Фрискенің жалғыз әпкесі - 29 жастағы Наталья Фриске, ең жақын адамын жоғалтқаннан кейін бірнеше сағат өткенде қайғысын бөлісіп, әлеуметтік желіде мұңын шақты: "Жаным менің! Менің сүйіктім! Систерім. Енді сенсіз қалай өмір сүремін? Енді кімге сырымды айтып, құпиямды бөлісемін? Маған кеңес кім береді? Ішімде түк қалмады, жас та, ештеңе де жоқ. Сен мәңгілік жүрегімдесің! Сені қатты жақсы көремін, жаным!".

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети