Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы Instagram желісінде ресми парақша ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы Instagram желісінде ресми парақша ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы әншінің өзі хабарлады.
"Ағайын, кішігірім сүйінші! Келіндеріңіздің жеке ресми парақшасы ашылды! (қабағы ашылды)", - деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төреғали жарының Instagram-да тіркелуіне байланысты өлең шұмақтарын арнаған.
"Агенттен инстаға кеше келген,
Уақытқа жан екенсің есе берген.
Инстаграм желісіне хош кеп жатсың,
Қалмағайсың мұндағы өсер елден.
Сторис, вайн бәрін үйретеді,
Отыр мұнда неше әпке, неше жеңгең.
Дегенің дүниеге демде жетіп,
Беделің лайк сайын еселенген.
Әр басқан қадамыңа абай болғын,
Қалт кетсең аңдып жатыр неше "мерген".
Талайлардың бұл жерде айы туып,
Талайлардың соңынан өсек ерген.
Сүйіншілеп мен салдым парақшаңды,
Ал қалғанын көрерсің пешенеңнен!", - деп жазды әнші.
Бір күнде Толқынның парақшасына 45 мыңға жуық адам жазылған. Алғашқы жазбасына 27 адам лайк басып, 1571 пікір жазылған.
"Баршаңызға басымды иіп сәлем бердім құрметті оқырмандарым! Алланың қалауымен, жарымның рұқсатымен, ата-енемнің батасымен ашылған жеке ресми парақшама қош келдіңіздер! Өздеріңізге белгілі, сүйікті әншілеріңіз TТТ-ның Алла қосқан жары - Толқын!
Әр нәрсенің өз уақыты болады! Неге парақшам болмады, неге көпшілікке жасырынмын деген сұрақтарды жиі естіп келдім! Осы уақытқа дейін жеке парақшамның болмауы жарымның бұйрығы болды. "Сабақты ине сәтімен" демекші, бүгін сіздерге жеке парақшамның ашылғанын қуанышпен хабарлаймын. Тағы да, қош келдіңіздер!", - деп жазды Толқын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Толқынның оқырмандары оны жылы қарсы алып, сәттілік тілеген.
"Қош келдіңіз. Оқырмандарыныз көп белсенді болсын", Қош келдіңіз. Инста әлеміңізге тек ізгі ниетті, жылы жүректі жандар жиылсын", "Қош келдіңіз! Түсі игіден түңілме деген. Жүзіңіз жылы жан екенсіз", - деп жазды оқырмандары.
Айта кетейік, әнші сүйіктісімен 2014 жылы отау құрған. Ал 2017 жылы 17 қазанда Алматыдағы Rixos Almaty қонақүйінде оның үйлену тойы өтті. Бүгінде ол жарымен үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.
Еске салайық, таяуда Төреғали Төреәлінің "ажырасып кеткені" туралы ақпарат тараған болатын. Алайда әншінің өзі бұл хабарды жоққа шығарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!