24 шілде 2017 17:03

Жасыл шапан киген Николас Кейдж қазақстандықтарға алғысын білдірді

Видеодан скриншот

Николас Кейдж Қазақстаннан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың медиа орталығына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Николас Кейдж Қазақстаннан кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың медиа орталығына сілтеме жасап. 

Америкалық актер Астанада "Алмас қылыш" фильмінің продюсері мен режиссері Рүстем Әбдірашевпен кездескені хабарланып отыр. Актердің сөзінше, оған қазақ мәдениетімен танысу қызықты болған. 

Реклама
Реклама

Актер қазақстандық режиссерлерге жаңа идея ұсынған. Оның пікінрінше, Голливуд жұлдыздарының Қазақстанға келуі туралы оқиға кино көрсетіліміне оң әсер етуі мүмкін.

Астана медиа орталығына берген сұхбатында әйгілі актер қазақстардың қонақжайлығын атап өтті. Осылайша Кейдж жасыл шапан жамылып тұрып, қазақстандықтарға өз алғысын білдірді. 

Еске салайық, Голливуд актері, продюсер және режиссер Николас Кейдж Астанаға 22 шілдеде "Еуразия" кинофестивальінің қонағы ретінде келді. Оның шапан киген суреті әлеуметтік желіде жылдам тарап, мемге айналып кетті. Желі қолданушылары актердің түрі абдырып, ашуланып тұрғандай сыңайда екенін айтады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram