11 желтоқсан 2020 10:38

Желіде қазақстандық жұлдыздардың төбелесі түсірілген видео тарап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде қазақстандық жұлдыздардың төбелесі түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде қазақстандық жұлдыздардың төбелесі түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желі қолданушыларының болжамы бойынша, бұл видео кезекті тойлардың бірінде түсірілген.

"Тыйым салынғанына қарамастан, біздің эстрада жұлдыздары жүрген тойдың видеосы. Салтанатты шарада қонақтар арасында төбелес шыққан. "Азия" тобының солистері мен әнші Жеңіс Ысқақова да төбелеске қатысқан. Видеода адамдардың бір-бірін ұрып-соғып жатқаны, біреудің жерге құлап жатқаны көрінеді.

Қайда деп сұрайсыздар ма? Білмедім. Бірақ бұл видео біздің шоу-бизнестің қандай екенін көрсетеді", - деп жазды видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана (@42500_tenge)

Tengrinews.kz тілшісі бұл видеоның нақты қайда түсірілгенін анықтады.

"Қазір Алматыда фильмнің түсірілімі жүріп жатыр. Бұл әуесқой видео. Мұны арнайы түсіріп, әлеуметтік желілерде жарияладық. Жаңа жылға кино түсіріп жатырмыз. Кадрларда фильмнен үзінді. Олар мейрамханада мерейтойын атап өтіп жатады және сол сәтте төбелес басталады", - деді "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз хатшысы Еламан Төлепберген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети