20 қазан 2020 12:40

Жезқазғанда Төреғали Төреәлі қатысқан үйлену тойын ұйымдастырушылар жазаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/toregalitoreali Фото:instagram.com/toregalitoreali

Жезқазғанда карантинге қарамастан, өткен демалыс күндері той өтіп, онда қазақстандық эстрада жұлдыздары келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жезқазғанда карантинге қарамастан, өткен демалыс күндері той өтіп, онда қазақстандық эстрада жұлдыздары келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде 19 қазанда Жезқазғанда қазақстандық әнші Қуандық Рахымның үйлену тойы туралы мәлімет тарады.

Салтанатты шараға әнші мен оның қалыңдығының жақындары ғана емес, әріптестері де келген, олардың қатарында Төреғали Төреәлі, Дидар Қамиев, Нұрболат Абдуллин және басқалары бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МОЙ ЖЕЗКАЗГАН (@my.zhez)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАМИ ДИДАР ЖАНАТҰЛЫ (@didar_kamiev)

"Жезқазған қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 19 қазанда "Ұлытау" мейрамханасында жүзге жуық адам қатысқан үйлену тойы өткенін хабарлайды. Материал Жезқазған қаласының полиция басқармасының есеп кітапшасына тіркелген. Жеке кәсіпкерік иесі мен іс-шараның иесі жауапкершілікке тартылады", - деді Қарағанды облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айгүл Шатекова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети