Жол апатынан зардап шеккен Ернар Айдардың ауруханадан қашан шығатыны белгілі болды

20 Сәуір 2017, 17:53
0
Жол апатынан зардап шеккен Ернар Айдардың ауруханадан қашан шығатыны белгілі болды - © instagram.com/saken_maigaziyev
© instagram.com/saken_maigaziyev

Жол апатына ұшырап, ота жасатқан Ернар Айдар ертең ауруханадан шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің директоры Жазира Еркінге сілтеме жасап. Оның айтуынша, Ернар Айдар ауруханадан ертең шығарылады.

"Оның жағдайы жақсарды. Ол жүріп-тұра алады, әзірше қиындау. Шыққаннан кейін үйінде ем алады", - деді әншінің директоры.

Еске салайық, белгілі әнші Ернар Айдар жол апатынан зардап шеккен болатын. 

Оқиға 12 сәуірде Алматы-Шымкент тасжолында болған. Жазира Еркіннің айтуынша, Ернар Айдар ағасымен бірге үйлеріне қайтып бара жатқан. Ауа райы нашар болғандықтан Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. 

Ал кейінірек оған ота жасалғаны хабарланған болатын. "Қазір оның жағдайы тұрақты орташа. Ота жасалды", - деген еді дәрігерлер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай