Жұлдыз Абдукаримова TengriTV және "Жетінші арнада" жаңа шоу жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұлдыз Абдукаримова TengriTV және "Жетінші арнада" жаңа шоу жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол "Жұлдыздың жары" бағдарламасында қазақстандық жұлдыздар жұбайын көрерменге таныстырады. Жүргізушімен ашық сұхбатта олар отбасылық өмір туралы әңгімелесіп, құпиясын бөліседі.
"Өзім танымал адамның әйелімін, жақын адамың гастрольдік сапарларға немесе түсірілімге байланысты апталап жоғалып кеткенде, танымал адамның көлеңкесінде өмір сүру қандай болатынын білемін. Әрбір табысты ер адамның артында ақылды әйел тұрады деп бекер айтылмаған. Мен танымал адамдар жұбайын таныстырып, олармен ашық сөйлесуді ұйғардым", - деді Жұлдыз Абдукаримова.
Бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің, актер Рүстем Жаныамановтың және тағы басқаларының жұбайы болады. Бірінші шығарылым қонағы әнші Айқын Төлепбергеннің әйелі - Жұлдыз Өмірғали.
"Атақты адамдардың көбі жұбайын көрсетпейді, дегенмен өздері үнемі көзге түседі. Жанкүйерлер мен қарапайым көрермен олардың отбасы мен жұбайына қызығушылық танытады. Біз ешқашан сұхбат бермейтін және көпшілікпен байланысудан бірнеше рет бас тартқан адамдармен сөйлестік. Менің ойымша, біздің шоудан бәрі өзіне қызықты ақпарат табады", - деді Жұлдыз Абдукаримова.
Сенбі, 18 қыркүйекте сағат 10.00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының алғашқы шығарылымын көре аласыз. Ал сағат 17.00-де шығарылым TengriTV YouTube-арнасына жарияланады. Жазылуды ұмытпаңыз!
Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. 2017 жылы ол "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы ол "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы ол "Сезін" кітабын шығарды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!