Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Жұлдыздар балаларын мерекелерімен қалай құттықтады

01 Маусым 2015, 18:36
0
© Іnstagram
© Іnstagram

Қазақ эстрадасының жұлдыздары балаларын Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшалары арқылы құттықтады.

Тоқтар Серіков парақшасында: "Бiз бакыттымыз!  Өйткенi ұлы жаратушы бiзге наресте бердi! Балапандарымыз аман болсын! Мерекелерi құтты болсын!", - деп жазды. 

"Бала адамның бауыр еті... Бүгін балалар мерекесі! Сәбилер мерекесі! Бала деген әппақ қағаз сияқты.. Мөлдір су секілді.. Бүгінгі тап-таза мереке құтты болсын...! Анасын бала, баласын ана жоқтамасын мәңгілік...! Сәбилер жыламасын, барлықтарыңызға ата-ана болу бақытын тілеуші өздеріңіздің Айнұрларыңыз...", - деді ақын Айнұр Тұрсынбаева.

Әнші Маржан Арапбаева парақшасында қызымен түскен суретін салып: "Балалар күнімен құттықтаймыз!", - деп жазды.

"МузАРТ" тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев парақшасына "Мереке құтты болсын, балапандарым!", - деп жазды.

Жақында ғана ұлымен бірге киноға түскен актриса Әсел Сағатова парақшасында ұлының суретін жариялады. "Әлемдегі балалар сау әрі бақытты болсын! Балалар мерекесі мен жаздың алғашқы күні құтты болсын!", - деп жазды ол.

"Ринго" тобының продюсері Алуа Қонарова да парақшасы арқылы балаларды мерекемен құттықтады: "Кiшкентай балапандар! Мерекелерiңмен! Дендерiң сау, әрқашан күлiмдеп, елiмiздiң мақтан тұтарлық азаматтары болыңдар!", - деді ол.

"Ринго" тобының мүшесі, әнші Аян Бірбаев та ұлын құттықтады. "Құрметті балалар, достар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі 1 маусым балалар күнімен құттықтаймын! Өсіп келе жатқан кішкентайларымыздың жүздері мен көздерінен тек қана қуаныш көрінсін! Соғыс болмасын. Барлығы да өздері сияқты өсіп келе жатқан Қазақстанымызға орасан еңбегін тигізетін керемет азаматтар болсын!", - деді ол.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай