Жұрт Айқынмен қосып жүрген Жұлдыз Өмірғали екі әйел алуға қатысты пікірін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жұрт Айқынмен қосып жүрген Жұлдыз Өмірғали екі әйел алуға қатысты пікірін айтты. Бұл туралы пікірін ол НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасының тілшісіне берген сұхбатында білдірді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жұрт Айқынмен қосып жүрген Жұлдыз Өмірғали екі әйел алуға қатысты пікірін айтты. Бұл туралы пікірін ол НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасының тілшісіне берген сұхбатында білдірді. 

Айтуынша, біздің елде екі әйел алуды көпшілік қолдамайды. "Екі әйелді ала ма, алып үлгермей ме, ол жағын білмеймін. Әркімнің өз таңдауы болады. Екі әйел алу дегенде, біз араб елі емеспіз, мұсылман елі болсақ та, ондай бізде не приветствуется", - деді ол бағдарлама эфирінде. 

Сонымен қатар, әнші Instagram желісінде өзіне қатысты айтылып жүрген сындарға былай деп жауап қатты: "Анық қанығын білмей, жамандауды жақсы көреді. Мен оған көз жұмамын. Себебі үйреніп қалдым. бірақ бір кездері ашуыма тиген уақытта сол адамдарға жауап қайтарамын. Бәріміз адамбыз. Ертеңгі өміріміз қандай болатынына кепіл бере алмаймыз. Менің басымнан өтпейді деп айта алмаймыз. Себебі ертеңгі өмірің қандай екені, қандай бұрылыс болып, сен қандай адаммен жолыққаныңды өзің де білмей қаласың. Жағымсыз пікір жазған адамдарды, шыны керек, жүрекке қабылдағым келмейді, себебі олар білмей жатып сөйлейді", - деп ой түйді "КешYou" тобының бұрынғы солисі Жұлдыз Өмірғали. 

Айта кетейік, таяудан бері әлеуметтік желілерде Жұлдыз Өмірғали әнші Айқын Төлепбергенге тұрмысқа шықты деген қауесеттер тарап жатыр. Бұған Айқын Төлепбергеннің КешYOU экс-солисі Жұлдыз Өмірғалиге сырға салып жатқан видеосы себеп болған еді. Ал кейін Айқын Төлепберген бұл видеоға қатысты пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, "жеке өмірге араласу дұрыс емес".

Айта кетейік, Айқынның тұңғышы Аңсар 2011 жылы дүниеге келген. Ал екінші қызы 2016 жылдың мамырында туған. Еске салайық, Қазақстандық әнші Айқын мен грузин әншісі Сосо Павлиашвили әйелдеріне арнап, "Әр күні" ("Каждый день") композициясына бейнебаян түсірген болатын. 10 ақпанда Алматы қаласында таныстырылым болып өтті.

Ал 22 жастағы Жұлдыз Өмірғали Тұрар Рысқұлов атындағы Техникалық университеттің студенті. Ол КешYOU тобына 2014 жылы келіп, былтыр шығып кеткен еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.2  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro