13 мамыр 2022 | 12:38

"Кәрі қыз бала тапқанша қоярға жер таппайды". Мақпал Исабекова сын айтқандарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/makosyai Фото: instagram.com/makosyai

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова сын айтқан оқырманына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова сын айтқан оқырманына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші Instagram Stories-те жүктілік кезеңі қалай өтіп жатқанын айтып, видеолар жариялаған. Солардың біріне оқырманы дөрекі жауап берген. 

"Бұл дүниеде сіз ғана жүкті сияқтысыз. Сіз маған ұнайсыз, бірақ ана болуды ерлік қылудың не керегі бар? Ақымақтық жазасыз. Кәрі қыз бала тапқанша қоярға жер таппайды", - деп жазған оқырманы.

Әнші бұл оқырманы мен басқа да сыншыларына Instagram-да жауап берді. 

"Мұндай хабарламалар болуы орынды, расымен жүктілігім туралы көп айтатын шығармын. Бір жағынан, көп айтпайтын сияқтымын. Одан кейін, ана болу - ерлік емес шығар, бірақ жоқ, бұл дегенің нағыз ерлік қой! Бұрын солай ойлайтынмын, қазір өзім де сезе бастадым. Барлық ана, әсіресе, көпбалалы аналар, біліңіздер, сіздер батырсыздар, батылсыздар", - деді Исабекова. 

Сонымен қатар, Мақпал Исабекова ана болуды әдеттегі дүние деп тек әлі балалы болмаған әйел айта алатынына тоқталды. 

Сәби күтіп жүрген немесе жақында ана атанған жұлдыздар кімдер?

Еске салайық, сәуірдің ортасында Мақпал Исабекова Желіде халықтан сүйінші сұраған еді. Ол сүйген адамынан 1 жыл бұрын ұсыныс алғанын, араға 1 жыл салып, сәби күтіп жүргенін айтқан болатын.

Былтыр мамырда ол тұрмысқа шыққаны хабарланған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети