ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2017 | 19:00
Қарақат Әбілдинаны перзентханадан шығарып алуға жүзден аса адам жиналды
Таяуда ғана төрт баладан кейін қыз босанған белгілі әнші Қарақат Әбілдинаны перзентханадан шығарып алуға жүзден аса адам жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің жары Қыдырәлі Болманға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таяуда ғана төрт баладан кейін қыз босанған белгілі әнші Қарақат Әбілдинаны перзентханадан шығарып алуға жүзден аса адам жиналды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әншінің жары Қыдырәлі Болманға сілтеме жасап.
Әншінің өнер жолындағы құрбылары оны перзентханадан арнайы флешмобпен ұйымдастырып шығарып алыпты. Қыдырәлі Болманның айтуынша, бұл флешмобты белгілі әншілер Алтынай Жорабаева, Айнұр Тұрсынбаева, Тамара Асар және тағы да басқа адамдар ұйымдастырған.
"Алла бере салғанымызды аман-есен үйге алып келдік! Әр бөпеміз дүниеге келген сайын үміт пен "жаны аман қалса екен" деген тілекпенен періште сәбиіңді асыға күтесің... 9 ай көтеріп, әр сәбиді өмір мен өлімнің арасында дүниеге әкелетін әрбір Анаға тоқтай қалып, басыңды игің келеді! Қақатымның жанын аман-есен қалдырып, отбасымызды бақытқа бөлеген, жүрегімізді қуанышқа кернеткен Аллаға сансыз мадақ! Әр сәбиді дүниеге әкелген сайын жүзі нұрлана түсетін асыл жарыма шексіз рақмет айта отырып, әр сәбиімді құшақтатқан сайын, өзіңе қайтадан ессіз ғашық болатынымды "сыпайылап, сыбырлап, қуанышты да салтанатты түрде жеткізгім келеді", - деп пікір білдірген әншінің жары Қыдырәлі Болманов өлең жолдарын арнады:
"Сүйем сүйгенді.
Сүйіп туғанды.
Шапан кигенді.
Жөргек жуғанды!
Сүйем сүйгенді.
Шашын түйгенді.
Шолпы тақақанды.
Қамзол кигенді!".
Қарақат Әбілдина мен Мадина Сәдуақасова. © instagram.com/sadvakasovamadina
Осыдан кейін қуанышы қойнына сыймаған Қыдырәлі Болман ақ тілегін жеткізген жанның барлығына алғыс айтты. "Осы жақсылық сіздерге миллион есе есейіп келсін. Аспан мен жердің ортасында қалықтап біртүрлі күйде жүрмін", - деп пікір білдірді ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Сондай-ақ, айтуынша, сәбиге қандай есім қойылғаны қырқынан шыққаннан кейін бірақ жария етіледі.
Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman) Май 16 2017 в 12:00 PDT
Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman) Май 16 2017 в 11:58 PDT
Әр келіншек осындай бақытты нәсіп етсін АЛЛАХЫМ!!! Кішкентай ботақанның ғұмыры ұзақ болсын!!!!
Публикация от Сара Тоқтамысова (@sarkanai) Май 17 2017 в 3:58 PDT
Ал өз кезегінде Қарақат Әбілдина құттықтағандарға алғыс айтты.
"Іңгəлап жарық дүниенің кеше ғана есігін ашқан, көптен куткен ханшайымымның қуанышына жазған ақ жарма ақ тілектер ағыны мен тосын сый жасап жатқан шынайы достарыма, Алла разы болсын, көңілім көкке жетті. Менің отбасымдағы қуанышқа шын жүрегімен қуанған, тілекші қауымға шын жүрегіммен алғысымды білдіремін. Сəби куткен əр шаңыраққа менің жүрегімдегі қуанышты тіледім. Қуаныш бөліссең көбейер дегендей, сіздерге ризашылығым сонша, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жеріңдей кең пейілді оқырмандарым, ақ жүректеріңнен айналдым", - деді ол.
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мен Қарақат Әбілдина. © instagram.com/aidyn_nury
Еске салайық, әнші 15 мамырда қыз босанған еді. Жұлдызды жұп 1999 жылы отбасы құрған. Олар осымен бесінші сәби сүйіп отыр. Алғашқы төртеуі ұл.
Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman) Май 17 2017 в 9:14 PDT
Показать комментарии
Читайте также