15 мамыр 2017 09:49

Қыдырәлі мен Қарақаттың бесінші баласы дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/kydyrali_bolman © instagram.com/kydyrali_bolman

Белгілі әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болмановтың әйелі әнші Қарақат Әбілдина кішкентайлы болды. Бұл туралы Болманов Instagram желісінде сүйіншіледі.


Белгілі әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болмановтың әйелі әнші Қарақат Әбілдина кішкентайлы болды. Бұл туралы Болманов Instagram желісінде сүйіншіледі.

Қарақат Әбілдина қыз босанған. 

"Сүйінші, Қазақ Елі! Жүрегім қуанышқа толып, Алла бере салған Бақыттың "іңгәсін" естіп, кішкене абдырап, түс көріп жатқан жоқпын ба десем, ояумын, қызық та қуанышты, өң мен түс араласып кеткендей, бақыттың "нокдаун"-нан есеңгіреп қалғандай, ғажап бір хәлдемін... Бәріңізбен бөліскім келеді! Қазақтың шексіз Ұлы даласына жар салып, айқайлағым келеді! Сіздерге де осындай шексіз бақыт тілеймін! Аллаға сансыз мадақ айтамын! Мейірімді Алла берекесімен бергей! Жүрегiн иман нұрымен нұрландырып, өзін де, мінезін де көркімен, ұзақ ғұмырымен, баянды Бақытымен, өзінің сүйікті құлдарының қатарынан етіп, екі өмірдің абыройын нәсіп еткей! Барлық періште-сәбилерге де тілегім осылай... Қайырлы түн!", - деп жазған әнші 8 наурыздағы құттықтау сәті түсірілген видеоны жариялады.

 

Айта кетейік, жұлдызды жұп 1999 жылы отбасы құрған. Олар осымен бесінші сәби сүйіп отыр. Алғашқы төртеуі ұл.


Қыдырәлі Болманов төрт ұлымен. © instagram.com/kydyrali_bolman

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети