Қайрат Нұртас барды деген той: санэпидқызмет пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас барды деген той: санэпидқызмет пікір білдірді © instagram/kair_n

Шығыс Қазақстан облысының санэпидқызметі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас қатысты деген тойға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының санэпидқызметі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас қатысты деген тойға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Семейдегі мейрамханалардың бірінде болған тойдың видеосы тараған болатын. Желі қолданушыларының сөзінше, тойда Қайрат Нұртас та болған. Артынша ролик Желіден өшіп кеткен. 

Видео кадры

"23 наурыздан бастап әлеуметтік желіде танымал әнші қатысқан Семейдегі тойдың видеосы тарап жатыр. ҚР және облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, жаппай жиындарға әлі де тыйым салынады. 

Эпидемиологиялық талап бұзылуына байланысты той өткен мейрамхана иесіне қатысты қажет материалдар полицияға жіберілді. Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары істі қарастырып, нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша шешім шығарады", - деді ведомство өкілдері. 

Семейде шектеу шаралары кезеңінде санитарлық нормалардың сақталуын бақылау бойынша рейдтер әлі де жүріп жатыр. Бизнес субъектілеріне қатысты айыппұл - 230 айлық есептік көрсеткіш.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети