Қайрат Нұртас туған күнін Мальдив аралдарында дүркіретіп атап өтті

Қайрат Нұртас туған күнін Мальдив аралдарында дүркіретіп атап өтті Tengrinews.kz коллажы

Әнші Қайрат Нұртас туған күнін Мальдив аралдарында атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші Қайрат Нұртас туған күнін Мальдив аралдарында атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші туған күнін Мальдив аралдарында атап өтетінін алдын ала жариялаған болатын. Ақылы негізде 30 адамға арналған 6 күндік тур өткізеді. Әнші ұйымдастырған тур бағдарламасы бойынша танысу кеші, түрлі ойындар мен әншінің туған күніне арналған ән кеші өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurtas Kairat (@kair_n)

Қайрат Нұртастан бөлек, Мальдив аралдарына әншінің туған күнін тойлауға блогерлер де келген. Ал әнші Ерке Есмахан тосынсый ретінде әншіні құттықтап келген. 

"Мен үшін келген әрбір жанға алғысым шексіз! Ағасын қолдап келген Нұрдәулет пен Әлішер бауырыма, тосынсый боп келіп, таңғалдырған Ерке досыма Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!" - деп жазды Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Әншінің оқырмандары балаларын туған күнін тойлауға неге алып келмегенін сұраған. Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова әншінің оқырмандарын мазалаған сұраққа жауап берген. Жұлдыздың сөзінше, балалары әлі мектепте оқып жатқандықтан, оларды Мальдив аралдарына жібере алмаған. 

"Балаларды сабақтың үстінен жұлып алып "сендер екі күннен кейін қаласаңдар да, қаламасаңдар да ұшасыңдар" демегенім үшін кешіріңіз, олардың оқуы мен қалауын таңдағаным үшін кешіріңіз, "не істейік?" деп сізбен ақылдаспағаным үшін кешіріңіз", - деп жауап берді Жұлдыз оқырманның сұрағына. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети