Қайрат Нұртастың әйелі енемен жақсы қарым-қатынас құрудың құпиясын ашты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial © instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова енесі Гүлзира Айдарбековамен қарым-қатынасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова енесі Гүлзира Айдарбековамен қарым-қатынасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды. Оның айтуынша, қазір енесі анасындай болып кеткен.

"Менің енемнің, келін тәрбиелеуінде өзіндік стилі мен ұстанымы бар. Өзім ата-ене қолында 5-6 жыл тұрдым, пістім десем болады. Орамал тағып, сәлемімді салып, таңертең ерте тұрдым (есік алдын сыпырдым демеймін) бірақ ыстық нанымды күнде таңда пісіретінмін. Ұрпақ әкеліп, ана атандым. Жалпы қандай жағдай болмасын ата-енемнің айтқанын жерге тастамауға тырсатынмын, одан жаман болған емеспін қайта қателіктерімді түзедім. Ұзын сөздің қысқасы... Ене институтын терлеп-тепшігіп, үздікке бітірдім. Содан соң, бізді жеке отбасы болуымызға сенімді болғандықтан болар, ата-анамыз еншімізді бөліп берді. Оның өзі біз үшін үлкен жауапкершілікке айналды. Бірақ әлі күнге дейін, бір шаңырақтың астында тұратын сияқтымыз. Көбіне дастарxан басында бірігіп тұрамыз", - деп ағынан жарылды әншінің әйелі.

Айтуынша, Гүлзира Айдарбековаа оған қазіргі таңда енесі емес - анасындай болып кеткен.

"Мен өзіме енемнің ерекше қасиеттерін (болашақ енеге) түртіп алдым: ең бастысы қатаңдықпен емес даналықпен тәрбиелеуі; кінәләйтін емес үйретуі; өзгенің көзінше бағалау; ұлын емес келінін қорғаштау; басқаның келінімен салыстырып, кемістпеуі; үйдегі әңгімені сыртқа шығармауы; әлі де үйреніп, түйетінім көп... Ене мен келін татулығына- әулеттік эстафетаны бір-біріне дұрыс ұсынуы, отбасы құндылығын сақтап қалуға көп септігін тигізеді деген ойдамын", - деп жазды ол.

Оның пікірінше,  қазақтың дәстүрлі отбасында ене мен келін арасындағы қарым-қатынаста ешқандай қиындық болған емес.

"Негізінде, тариxқа жүгінсек, қазақтың дәстүрлі отбасында ене мен келін арасындағы қарым-қатынаста ешқандай қиындық болған емес деп ойлаймын. Себебі, екі арадағы келіспеушілктер жайлы шешендік сөз кездеспейді. Қазіргі қоғамда енені сыйламау, мысқылдау идеясы (анекдоттар) - орыстың салтынан, европаның стильінен еніп жатыр. Меніңше сол елдердердің - безбүйрек, ұятсыз, арсыз псиxологиясы. Бұл біздің менталитетке мүлдем кірмейді және кіргізбеу керек! Себебі, парасатты, қаны қазақ ер азаматы анасына ең үлкен құрметтің көрсетілгенін қалайды. Келіндердің енесіне жасаған әр-бір әрекеті - өзінің енелік өмірінің кірпіші. Егер де, жақсы келінге қол жеткізгісі келген әйел өз енесіне қолынан келген құрметті аямау керектігін түсіну қажет. Әрбір келін енеге қарап ой түзеп, бойын түзейді деген пікіріме келісесіз бе?", - деген ой айтты Жұлдыз Әбдукәрімова.


Суреттер: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro