Қайрат Нұртастың концертіне келген шетелдік жұлдыздарға қанша қаражат бергені анықталды. "31 арнаның" "Жұлдыздар жарқырайды" айдарының тілшілері Қайрат Нұртастың және отандық жұлдыздардың табыстарын есептеп көріпті.
Қайрат Нұртастың концертіне келген шетелдік жұлдыздарға қанша қаражат бергені анықталды. "31 арнаның" "Жұлдыздар жарқырайды" айдарының тілшілері Қайрат Нұртастың және отандық жұлдыздардың табыстарын есептеп көріпті.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері Еділ Серікұлының айтуынша, Қайрат Нұртастың "ресейлік жұлдыздарға төлеген табысы 89 миллион теңгені құраған". Ал жалпы табысының сомасы 2,5 миллион доллар делінеді. Тілшілер әншінің былтыр да дәл осындай сомада қаражат тапқанын еске салып отыр. Сонымен қатар, әншіге табысының жартысының гастрольдік сапарлар мен Халық әртісі Мақпал Жүнісовамен өткізген кешінен түскені белгілі болды. Оған қоса киім-кешек сататын дүкені де пайда әкеліпті.
Жақында Қайрат Астана мен Алматыда бұрын-соңды болмаған шоу-концерт ұйымдастырды. Әнші он жылдық концертіне Ресей сахнасының жұлдыздары Нюша, Тиматиді шақырып, көрерменге ерекше сый жасаған болатын. Оны көшлік те жылы қабылдады. Дегенмен, әншіге мұндай сый жасау оңайға соқпаған. "Нюша, Тимати, Лазарев, "Рефлекс" тобы келді. Ұйымдастырушылар осы тұлғалармен келісім шартқа отырған. Шетелдік, ресейлік жұлдыздарға төленген табыс, 89 млн. теңгені құраған. Бұл жерде 15 пайыз көлемінде салық ұсталынып қалған. Осы төленген табыстардан", - деді Алматы қаласы бойынша мемелекеттік кірістер департаментінің қызметкері Еділ Серікұлы.
Айта кетейік, салық департаменті мамандарының пікірінше, бүгінгі таңда Алматы қаласында 160-тан астам өнер иесі бар. Олардың тек 41-і салықтан жалтармайды екен. Қалталылар тізіміндегі жұлдыздардың басым бөлігі жеке кәсіпкерлікті куәландыратын құжаттары бар болып шықты. "41 салық төлеушінің 2014 жылдағы жалпы табысы 237 млн теңгені құраған. Ал, 2015 жылдың жарты жылдығында 99 миллион теңгені құрады", - деді ол.
Телеарна тілшілері өзге де әншілеріміздің табысын анықтапты. Мәселен, Қайрат Нұртастан кейінгі орынға "КешYou" мен "Лашын" тобына продюсерлік ететін Баян Есентаева жайғасқан. Оның жылдық кірісі 1 миллион доллар екен.
"Продюсер тек бір ғана "КешYou" тобынан жылына 500 мың доллар табыс табады екен. Өткен жылы телехикая түсіріп қаржысын еселеді. Бүркіт пен Аиша да дәл осындай қаржыны қалталарына басты. Екі бірдей бейнебаян түсіріп, "Хайат" атты топтың продюсері атанды", - дейді тілшілер.
Ал үшінші орынға шыққан Асхат Тарғыновтың қой жылы жолы болды. Бір ғана әні "Мария Магдаленасы" әншіге 960 мың долларды қалтасына басуға септігін тигізді. Әнін көбінесе телефон пайдаланушылар қолданған. Кірісінің жартысын осы қызметтен тапса, қалған бөлігін той-томалақтан түсірген.
Мұнымен қатар, тағы бір әнші Айқын Төлепбергенов көп жұмыс жасаған. Елімізде ғана емес, Қытайдың өзінде он екі концерт беріп қайтқан. Рейтинг бойынша әншінің жылдық кірісі - 600 мың АҚШ долларын құрайды.
Ал сахнада небәрі үш жыл өнер көрсеткен жас әнші Серік Ибрагимов шоу-бизнестен аз ақша қаратпаған. Бір жылда 300 мың доллар тауыпты. Дегенмен, әнші бұл қаржыны жалғыз өзі таппаған. Продюсері мен көмекшісінің де еңбегі барын айтады.
Серіктен Мақпал Исабекова мен Әли Оқапов та қалыс қалмапты. Олардың жылдық табысы 300 мың доллар. Мақпал бар табысын актерлік қызметінен тапқан. Актриса ретінде "Қамау" фильмінде басты рөлде ойнаған әнші кейін телехикаяға түсіп, бірнеше киноларды дыбыстаған. Ал, әнші Әли Оқапов алғаш рет режиссер ретінде бағын сынап көрген.