27 мамыр 2016 18:08

Қайрат Нұртастың өмірі жайлы реалити-бағдарлама түсіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайрат Нұртас © vk.com Қайрат Нұртас © vk.com

Қайрат Нұртастың өмірі жайлы реалити форматында телевизиялық бағдарлама түсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы орындаушының директоры Лаура Сейітбек хабарлады. 


Қайрат Нұртастың өмірі жайлы реалити форматында телевизиялық бағдарлама түсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы орындаушының директоры Лаура Сейітбек хабарлады. 

Оның айтуынша, телевизиялық реалити-бағдарламаның нақты қай телеарнада көрсетілетіні әзірше белгісіз. Бірнеше телеарнамен келіссөздер жүргізіліп, соңында біреуі таңдалуы мүмкін екен. "Бұл жоба реалити форматында телеарналардың бірінде беріледі деп жоспарлап отырмыз. Әрине, халықтың сұранысы бойынша, бізге олардан Қайрат Нұртастың сахнадан тыс өмірі жайлы сұрақтар көптеп түседі. Сондықтан Қайраттың адамгершілігі, жеке қасиеттері, жеке ойлары мен пайымдары, кейде тіпті танымал адам болғаннан кейін неше түрлі жағдайлар болып жатады, міне, осы жайлы телебағдарлама көпшілік көрерменге қызықты болады деген ойдамыз", - деді ол.

Айтуынша, бұл жоба күзде немесе келесі жылы қолға алынады деп жоспарланып отыр екен. Ал бағдарламаның қандай болатынын және толығырақ мән-жайын Лаура Сейітбек түсірілім жұмыстары басталғанда хабарлайтынын айтты. "Барлық жай-жапсарын қазір айтып қойсақ, қызық болмай қалуы мүмкін. Сондықтан жаңа бағдарлама жайлы детальдар әзірше құпия қалсын", - деді Қайрат Нұртастың директоры. 

Айта кетейік, 21 маусымда Өскемен қаласында Қайрат Нұртас пен ресейлік танымал әнші Нюша стадионда концерт береді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети