Әнші Қайрат Нұртастың Алматының сауда орталықтарында орналасқан киім дүкендерінің бәрі жабылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қалада оның бір ғана бутигі жұмыс істеп тұр. Қайрат Нұртас 2013 жылдың күзінде өзінің киім желісін іске қосқан болатын.

Әншінің арт-директоры Лаура Бекболатқызының айтуынша, дүкендерді жабуға сауда - ойын-сауық орталықтары қожайындарының сауда алаңдарын жалға алу құнын өсіруі себеп. Ол Қайрат Нұртас киімдерін сататын бутиктердің табысты болғанын айтып отыр. Жуырда Алматыда Қайрат Нұртас киімдерінің фирмалық желісін тігумен айналысатын цех ашылған. Егер бұрын киім үлгілері Түркиядан тапсырыспен тігілсе, енді бұл өндіріспен алматылық тігін цехы айналысады.
"Фирмалық киім үлгісін тігумен бірге, ұлттық костюмдер, мектеп формасын, перделерді шығаруға тапсырыс қабылданады. Барлық жабдықтар сатып алынған. Келешекте біз өнімнің көтерме сауда желісін дамытқымыз келеді", - дейді Лаура Бекболатқызы.
Еске сала кетейік, Қайрат Нұртастың фирмалық бутиктерінде ерлер, әйелдер киімдерімен қатар, аяқкиімдер мен сөмкелер сатылады. Сауда орнындағы ең арзан өнім 1500 теңгелік шұлықтар болды. Ал ең қымбаты - әйелдерге арналып қолдан тігілген бірегей фрак. 25 жастағы әнші сахнаға ең алғаш тоғыз жасында шыққан. Осы уақытқа дейін поп-әнші жүздеген ән жазып, тоғыз әнжинақ шығарды, Қазақстанның түкпір-түкпірінде талай рет жеке концерт беріп үлгерді.