"Қайрат пен Жұлдыз бірге". Нұртас Айдарбеков мәлімдеме жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
"Қайрат пен Жұлдыз бірге". Нұртас Айдарбеков мәлімдеме жасады

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков "1001 түн" бағдарламасында балаларының бірге екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков "1001 түн" бағдарламасында балаларының бірге екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Екеуі бүгінде бірге, бірақ отбасы болғасын ыдыс сылдырламай тұрмайды. Құдайға шүкір, төрт немере бар. Жұлдызды әрқашан жоғары қоямын. Құдай маған қыз бермеді, үлкен қызымдай болып келді. Өз тарапымнан ешкімнен кем қылған жоқпын. Өздерінің арасындағы кішкене бір кикілжіңге кіріскім келмейді. Екеуі 33-34 жасқа келіп қалды. Бұл жағын өздері шешеді. Ең бастысы, екеуі бірге", - деді Нұртас Айдарбеков.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Нұртас Instagram-дағы парақшасында бейтаныс арумен түскен суретін жариялаған болатын. Ал әншінің анасы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова халықтан ұлы Қайрат Нұртас пен әнші Ерке Есмаханның арақатынасы туралы қауесетті тоқтатуын сұраған еді.

Жарнама
Жарнама

Гүлзира Айдарбекова Қайрат пен Жұлдыздың арасында не болғанын айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама