18 сәуір 2022 11:04

"Екінші әйелің бе?" Қайрат Нұртастың бейтаныс арумен түскен суреті Желіде талқыланып жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: instagram.com/kair_n Сурет: instagram.com/kair_n

Қайрат Нұртас Instagram-дағы парақшасында бейтаныс арумен түскен суретін жариялады. Желі қолданушылары оның кім екенін болжап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қайрат Нұртас Instagram-дағы парақшасында бейтаныс арумен түскен суретін жариялады. Желі қолданушылары оның кім екенін болжап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрда қыз артымен қарап тұр. Сондықтан оның кім екенін нақты айту мүмкін емес. Десе де, әнші суретке мынадай жазба қалдырған:

"Сақтауға шамам болмай. Өзіңді қауып-қатерден. Бұйрық солай. Айырылдық! Бақытты сәттерден… #Калифорния #жуырда".

Бұл әнші Kalifarniya-ның "Аспан" әнінің мәтіні. "Жуырда" деп жазғанына қарағанда Қайраттың жанкүйерлері жаңа ән не клип сияқты деген болжам жасап жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurtas Kairat (@kair_n)

Бірақ Желі қолданушыларын Қайраттың жары Жұлдызбен арақатынасы көбірек алаңдатады.

Олардың бір бөлігі суреттегі жары Жұлдыз Абдукаримова екеніне сенімді.

"Жұлдыз Алматыда жүрген екеуі махаббат", - дейді олардың бірі. 

Тағы басқалары былай деп жазған: "Ажырасты деген сөз", "Екінші әйелің бе?", "Жұлдыз емес", "Не болды тағы?".

Жұлдыз Абдукаримованың өзі суретке қатысты пікір білдірмеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети