Тұрсын Алагөзовтің әкесі Тұрым Алагөзов Баян Мақсатқызының "Баян" деп аталатын кітабын оқып шығып, бағасын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тұрсын Алагөзовтің әкесі Тұрым Алагөзов Баян Мақсатқызының "Баян" деп аталатын кітабын оқып шығып, бағасын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Баян маған кітабының қорытынды данасын оқуға берді. Бір деммен оқып шықтым, сосын тағы да, асықпастан, әрбір сөйлеміне мән беріп оқыдым. Таңғалдыратын кітап, өз-өзіңмен нағыз монолог. Менмендік пафосы жоқ, асқақтығы байқалмайды, алғашқы сөйлемдерінен-ақ елітіп әкетеді. Балалық шағында көрген жапондардыкіне келетін тәрбиесі (еркін, әрекетке шектеусіз), сосын мектеп жасында қатаң тәрбие көрген ол қазір ел қандай деп білсе сондай әйел болып шықты. Ол өз мақсат-мұраттарын нақты білді - оқуда, өмірде және мансабында "бірінші болу". Оң-солын танып, тұлғаға айналуда дененің көгеруі (тікелей мағынада), көрген қорлықтар, өзі тәуелді болған адамдардың түсінбеуі, осы жолдан ол сынбай, абыройын сақтап өтті", - деп жазды Тұрым Алагөзов Instagram желісіндегі парақшасында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, кітап оқырманды басынан соңына дейін еліктіреді. "Ол әрдайым шындықты тік айтады, адамдар туралы да, оқиғалар жайлы да. Адам нанғысыз адалдығы, өзіне деген қатаң талапшылдығы авторға деген зор құрметті оятады. Б.Шаляпина мен Г. Вишневскаяның өздері жайлы жазған кітаптарын оқыған адам жан болмысының сырын айтудағы ұқсастықты байқайды. Ол әлденені айтпай-ақ қоюға да болар ма еді, әркімнің де өз сыры, сандыққа сақтап отырған құпиялары бар ғой дейді. Миллиондаған адам өмірді "барлығы секілді" жариясыз қабылданған нормаларымен сүреді, ал бірақ өз мақсат-мұратын сезетіндей өмір сүретін тұлғалар болады. Олар қиын жолдан өтеді, бірақ адамдардың есінде қалады. Кітап өте пайдалы, әсіресе жастарға", - деп қорытындылады ойын Алагөзов.
Айта кетейік, осыған дейін Баян Мақсатқызы кітабының мұқабасының суретін жариялаған еді. Кітап "Баян. Обо мне и не только" деп аталады. Кітап қазақ тілінде де шығады. Ал мұның алдында ол автобиографиялық кітап жазуына ненің себеп болғанын айтып берген еді.
Продюсер кітапты зейнетке шыққанда жазуды жоспарлағанын айтты. "Бірақ артық сұрақтар болмас үшін және барлығына нүкте қою үшін қоғам мені кітапты қазір жазуға мәжбүрледі. Менің жеке өмірім көбісін қызықтырғаны соншалық олар менің жеке өміріме араласып кетті. Мен мұндай қысымнан қорғана алмаймын, жасырыну да мүмкін емес. Мені барлығы көріп жүр. Сондықтан маған адамдардың менің өзінің артықшылығы мен кемшіліктері бар, жеңген және жеңілген де, қателіктері бар қарапайым әйел екенімді түсінуі үшін кітап жазуыма тура келді", - деп түсіндірген еді Баян Мақсатқызы.