25 сәуір 2015 | 23:38

"Қазақстан Аруы - 2013" атанған Айдай Исаева тұрмысқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Айжан Түгелбаева @Айжан Түгелбаева

"Қазақстан Аруы - 2013" атанған Айдай Исаева тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан Аруы - 2013" атанған Айдай Исаева тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 жастағы арудың таңдауы 30 жастағы консалтингтік компанияның бас директоры әрі қайырымдылық қорының президенті Мақсат есімді жігітке түскен. Олардың таныстығына үш жыл болды. Айдай достарымен оқу семестрін сәтті аяқтағанын атап өтіп жатқан кезде қарсы орында отырған Мақсат оны ұнатып, танысуға бел буған.

Үйлену тойы Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтті. Тойға екі жастың ата-аналары мен достары, ұжымдастары шақырылды. Сонымен қатар, Айдай Исаеваның тойына "Қазақстан Аруы" конкурсының қатысушылары мен жеңімпаздары Альфина Насырова, Регина Вандышева, Әйгерім Үзембаева, Мадина Дәулетова, Әсел Сыпабекова, Салтанат Бекжігітова келді. Айта кетейік, қалыңдықтың қыз жолдасы "Ресей Аруы - 2014" атанған Юлия Әліпова болды. Айдай Исаева онымен АҚШ-та өткен "Әлем Аруы - 2015" байқауында танысқан.

Айдай үйлену тойына Қазақстандағы белгілі дизайнер Наиля Байқұшықова тіккен көйлекті таңдады. Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын Шымкент қаласында Айдайдың ұзату тойы өтті. Үйлену тойынан кейін ол мамандығы бойынша отбасылық дәрігер қызметін жалғастырып, модель кәсібімен айналыса береді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети