09 қазан 2015 | 16:44

"Қазақстан аруы-2015" 5 миллион теңгеге ие болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Регина Вандышева. © Николай Колесников Регина Вандышева. © Николай Колесников

"Қазақстан аруы-2015" байқауының жеңімпазы 5 миллион теңге жүлде алады, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында fashion-продюсер Сәкен Жақсыбаев мәлімдеді.


"Қазақстан аруы-2015" байқауының жеңімпазы 5 миллион теңге жүлде алады, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында fashion-продюсер Сәкен Жақсыбаев мәлімдеді.

Мұндай жүлде биыл бірінші рет тігіліп отыр. Былтыр оның көлемі 1 миллион теңге болған еді. Жақсыбаетың айтуынша, бұл тәжге қосылып берілетін жақсы сый. Бұл сомаға "Қазақстан аруы-2015" бизнес ашып немесе оқуын және мәнсабын жалғастыра алады. Сонымен қатар, сұлулық байқауының директоры Алена Ривлина байқауға қатысудың тегін екенін айтты, жалғыз шарт - Қазақстан азаматтығының болуы.

Айта кетейік, жеңімпазды осымен екінші жыл қатарынан sms-дауыс беру арқылы таңдауға болады. Бірақ әділ қазылар алқасы алдымен үш қызды таңдайды, қазақстандықтар сол үшеуінің біреуіне таңдау жасайды. Еске сала кетейік, байқауға қатысамын деуші қыздарды тіркеу 11 қазанда аяқталады, ал байқау 10 желтоқсанда Астанада өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети