Қазақстан мен Қырғызстанның бишілерінен құралған "Адем" тобы "Украина мае талант" шоуын бағындырды

28 Сәуір 2015, 22:57
0
Қазақстан мен Қырғызстанның бишілерінен құралған "Адем" тобы "Украина мае талант" шоуын бағындырды - "Адем" тобы
"Адем" тобы

Қырызстан мен Қазақстанның бишілерінен құралған "Адем" тобы "Украина мае талант" шоуының қазылар алқасын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас бишілер қазылар алқасынан ең жақсы баға алып, танымал шоудың финалына өтті. Айта кетейік, "Адем" тобы Қырғызстандағы белгілі биші Атай Өмірзақовтың шәкірттерінен құралған. Топтың құрамында қырғызстандық Ақыл Жолдасов, Баяман Өмірбекұлы, Ерлан Әбдірахманов пен қазақстандық Кирилл Генералюк бар.

Атай Өмірзақов қостанайлық Кирилмен 2014 жылдың қарашасында интернет арқылы ұйымдастырылған кастингте танысты. Кирилдің биін көрген Атай оны бірден топтың құрамына шақырған. Топтың құрамындағылардың би саласында кемінде төрт жыл тәжірибесі бар. Бұл олардың осы құраммен үлкен сахнаға алғаш шығуы.

 

"Мен өз тарапымнан жігіттердің жартылай финалда көрсеткен өнеріне ризамын. Біз өзіміз ойлағаннан да жоғары дәрежеде өнер көрсеттік. Олар өздерінен үнемі кемшіліктер тауып отырады, олардың бұл қасиеті маған ұнайды. Әрқашан өзіңнің алдыңа мақсат қойып, соған жету үшін жұмыс істеу керек", - деді Атай Өмірзақов.

"Адем" тобы енді мамыр айының соңында болатын финалда "Украина мае талант" шоуның жүлдесі үшін таласатын болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай