22 қараша 2014 23:50

Қазақстандық Анатолий Цой Меладзенің тобына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңген сәт Жеңген сәт

Қазақстандық Анатолий Цой Меладзенің M-band деп аталатын тобына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Анатолий Цой Меладзенің M-band деп аталатын тобына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құрамына Анатолий Цой кіретін Сергей Лазаревтің тобы "Хочу к Меладзе" шоуының жеңімпазы болды. 22 қарашада өткен гранд-финалда ақтық сынға шыққан Сергей Лазарев пен Анна Седокованың екі ұжымы продюсер Константин Меладзенің арнайы шоуға жазған жаңа әндерін орындады. Анатолий Цой, Владислав Рамм, Артем Пиндюра, Никита Киосседен тұратын топ "Ол оралмайды" ("Она не вернется") деген әнмен сахнаға шықты. Бұл әнге Артем Пиндюра рэп болып айтылатын сөз жазды.

Олардың қарсыластары - Вячеслав Басюл, Григорий Юрченко, Маркус Рива, Святослав Степанов "Тағы күте тұрамыз" ("Еще подождем") әнін айтты. Сонымен бірге, екі ұжымның мүшелері бірігіп украин тілінде "Чомусь так гiрко плакала вона" әнін орындады.

Эфир бойында көрермендердің берген дауыс нәтижесі белгілі болып отырды: Украина, Беларусь, Қазақстан және Ресей. Ал бағдарлама соңында жалпы дауыс қорытындысы саналды. Украина тұрғындары Лазаревтің командасына 54 пайыз, Седокованың ұжымына 46 пайыз дауыс берді. Белорустар 73 пайыз дауысты Седокованың тобына, ал 27 пайыз дауысты Лазаревтің ұжымына берді. Қазақстандықтар болса 79 пайыз дауысты құрамына алматылық Анатолий Цой кіретін Сергей Лазаревтің тобына берсе, 21 пайызды Анна Седокованың ұжымына лайық деп санады. Ресей халқы Лазаревтің тобын таңдады (51 пайыз), дауыстың 49 пайызы Седокованың ұжымына тиесілі болды. Қорытындыда Лазаревтің тобы 53 пайыз жинады, ал Седокованың тобы 47 пайызға ие болды. Конкурстың жеңімпаздарын продюсер Константин Меладзе жариялады. 

Гранд-финал кезінде қатысушылардың жетекшілері өнер көрсетті - Анна Седокова, Ева Польна, Полина Гагарина, Тимати, Сергей Лазарев, Владимир Пресняков. Сонымен қатар, әрбір финалист жайлы сюжет дайындалыпты - қазақстандық Анатолий Цойдың туған-туысқандары оның бала кезінен еңбекқор болғанын айтып берді. Анатолий болса әкесінің мақтау сөзді аз айтатындығын, бірақ ол дәл осы әкесінен "Жарайсың" деген сөзді естігісі келгенін жасырмады. Әкесі баласының 12 жасында оркестрмен бірге айтқан сәтінде ғана осы сөзді айтқан екен.  

Еске сала кетейік, Анатолий Цой бағдарламаның бірінші эфирлерінен-ақ көшбасшы ретінде танылды, қазылар алқасы да, Константин Меладзе де оның өнерін жоғары бағалады. Топтарды іріктеу кезінде ол Анна Седокованың жетекшілігіне түсті. Аннамен өте жақсы достық қарым-қатынас орнатқан оны Меладзе Лазаревтің тобына ауыстырғанда тәлімгері көз жасын көрсетпей тұра алмаған еді. Құрамына Анатолий Цой, Владислав Рамм, Артем Пиндюра, Никита Киоссе кіретін топ жаңа "M-band" ұжымы болып жарияланғанда олар өз армандары орындалғанын жеткізді. Ақтық сынның қайталап көрсетілуін 24 қарашада сағат 21.00-де Жетінші арнадан тамашалай аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети