Қазақстандық әнші Наzима Тиматимен арақатынасы жайында айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әнші Наzима (Нәзима Жәнібекова) ресейлік тележүргізуші Ирина Шихманға берген сұхбатында Тиматимен арадағы қатынасы жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Наzима (Нәзима Жәнібекова) ресейлік тележүргізуші Ирина Шихманға берген сұхбатында Тиматимен арадағы қатынасы жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"А поговорить?" жобасының эфирінде журналист Наzимаға ресейлік орындаушы Тиматимен арадағы қатынасы туралы сұрақ қойды.

"О Құдайым, әрине, тек кәсіби қатынас. Ол тәлімгер, босс, продюсер және ол біздің барлығымызға қолдау көрсетеді. Айтып өткенімдей, біз үнемі студияда тректер жазамыз. Яғни, тек іскерлік қарым-қатынас", - деді Нәзима Жәнібекова.

Тележүргізуші "Тимати қандай да бір лебіз танытты ма?", деп сұрады.

"Әрине жоқ, бұл қандай сандырақ? Ондай пікірлерді қалай оқимын, білесіз бе - "Назима + Тимати", бізді үйлендіріп, үш бала туралы да жазып тастапты. Міне, Кристинаны қуып жіберіпті де, Назиманы алыпты, себебі ол жерде солай екен… Өте күлкілі пікір. Сонда қалай болғаны, финалда Терри жеңді, келісімшартты Дениге берді. Назимаға берген жоқ. Бірақ кейін келісімшартты Назимаға берді, неге? Себебі ол Тиматиға ұнап қалыпты. Мұндай миллион пікір бар. Әпкем екеуміз түскен сурет бар еді, олар әпкемді қиып тастап, ол жерге Тимур Ильдаровичты қойыпты", - деді қазақстандық әнші.

Назиманың айтуынша, ол Тиматиді тек Тимур Ильдарович деп атайды.

"Мен оны реалитиден бері солай атаймын. Мен өзімнен үлкендердің барлығына міндетті түрде "Сіз" деймін. Тәрбием сондай шығар. Маған "сен" деп айт десе де, оған көшу мен үшін өте қиын. Мен солай екі апта жүремін және барлығы мені үнемі түзеп отырады. Маған "сен" деп айту қиын. Осылай тәрбиеленгем", - деді әнші.

Айта кетейік, Наzима "Песни" шоуының финалисі. Оның өнер көрсеткендегі видеолары миллиондаған көрілім мен мыңдаған пікір жинаған. Шоу барысында ол Тиматимен дуэт айтты. Рэпер қазақстандық әншіні үздік және телевизиялық шоу кезінде өзін 100 пайызға көрсете алған жалғыз өнерпаз деп атады.

Байқаудан кейін Наzима Black Star лейблімен келісімшарт жасасты. Айта кетейік, ереже бойынша келісімшартқа екі жеңімпаз ғана отыратын болды, алайда Тимати өзгеше шешім қабылдап: BlackStar келісімшарты Danymuse, Наzима, сонымен қатар, "Песни" шоуының бірінші маусымында жеңіске жеткен Терриге берілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer