10 қараша 2018 11:08

Қазақстандық қыз "Голос" шоуында Меладзенің командасына өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық 30 жастағы Маржан Мәкішева "Бірінші арнадағы" "Голос" шоуының жетінші маусымына қатысты. Әділ қазылардың төртеуінің үшеуі қызға таңдау жасап, ол ресейлік композитор әрі продюсер Константин Меладзенің командасына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық 30 жастағы Маржан Мәкішева "Бірінші арнадағы" "Голос" шоуының жетінші маусымына қатысты. Әділ қазылардың төртеуінің үшеуі қызға таңдау жасап, ол ресейлік композитор әрі продюсер Константин Меладзенің командасына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маржан америкалық r&b орындаушы Рианнаның Love On The Brain әнін орындады. 

Тәлімгерлер арасында Константин Меладзе, рэпер Василий Вакуленко (Баста), әнші Ани Лорак пен рок-музыкант Сергей Шнуров болды. "Көрмей тыңдау" форматында Маржанға "Шнур" ғана бұрылған жоқ.

"Музыкалық вибрация мен вокалыңыз, әрине, керемет. Мен сізді өз командама шақырамын", - деді Ани Лорак.

Баста мен Меладзе Маржанның өнер көрсетуінің бірінші жартысында бұрылды. Композитор әншінің орындауында тірі тіршілік болғанын айтты.

"Сіздің орындауыңыздан сіздің мінезіңізді көруге болады. Сіздің мінезіңіз маған бірден ұнады. Мен сіздің орындаушылығыңыз үшін емес, әннің арғы жағындағы адам үшін дауыс бердім", - деді Меладзе. Үш тәлімгердің арасынан қазақстандық әнші Меладзені таңдады.

Маржан Мәкішева Қарағанды облысы Жезқазғанда туып, 20 жасына дейін сонда тұрған. Жиырма жасқа толғанда Мәскеуге кеткен.

"Мен Мәскеуге көшіп келгенде, қалтамда 100 доллар мен қайтуға билет болды, бірақ күні ашық болған. Мен өзіме сенімді едім - бір айдан кейін жұмыс істеп жүрдім. Мен әшекей тақпаймын, аяқ киіміме сенемін. Мен өзімнің жолымды ашатын туфлиімді кидім, қалай болар екен, тексеріп көреміз", - деді қыз сахнаға шығар алдында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети