Қазақстандық модель және актриса Зарина Еваның суреттері Бельгия мен Францияда танымал MAXIM журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық модель және актриса Зарина Еваның суреттері Бельгия мен Францияда танымал MAXIM журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналмен бірге жұмыс істейтін танымал фотографтардың түсірілімі Лос-Анджелесте өтті. Танымал журналдың өкілдері қазақстандық модельге хабарласып, бірге жұмыс істеуді ұсынған. Фотосуреттер журнал беттеріне солай түсті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Зарина қазіргі уақытта Нью-Йорк киноакадемиясында киноактриса мамандығында оқиды және модель болып жұмыс істейді. Ол Нью-Йорктегі сән апталығына қатысқан. Қазақстанда ол сән апталарында үздік модель атағын жеңіп алған. Сеулде өткен халықаралық World Beauty Queen сұлулық байқауында оған "Бірінші вице-мисс" атағы берілген.
"Мен үшін MAXIM бетіне шығып, танымал фотографтармен жұмыс істеу - үлкен мәртебе. Мен қазір Лос-Анджелестемін, New York Film Academy-де оқимын, оқуға уақытымның 80 пайызы кетеді, бірақ мен фотосессияға әрдайым уақыт табамын. Оқудан кейін, көбіне демалыс күндері. Өз жұмысымды жақсы көремін, кино әлемі мен сән индустриясын жақсы көремін. Оған қатты құмармын. Дүние жүзінде бәрі жақында өз қалпына келіп, пандемия дейінгі кезден де жақсы болады деп сенемін. Өзіңдегі мейірімділік пен сүйіспеншілік шуағын сақтау маңызды", - деді Зарина.
Бойжеткен бүгінде режиссер Ермек Шынарбаевтың "Уроки казахского", Ақан Сатаевтың "Томирис", "Бизнесмендер", Рүстем Абрашевтің "Қазақ хандығы. Алтын тақ" сияқты отандық фильмдеріне түскен. Сонымен қатар, ол Михаил Расходников пен Иван Охлобыстиннің "Временнные трудности" және Джаник Файзиевтің "Галактика қақпашысы" секілді мәскеулік жобаларында ойнаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!