Қазақстандық этно-рок әнші Әсем тұңғыш рет ана атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық этно-рок әнші Әсем тұңғыш рет ана атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
33 жастағы Әсем Көпбаева мен оның жолдасы Нұрғиса Әлмұраттың қызы дүниеге келді. Нәрестеге Арифа деген есім берілді. Анасы мен баласының жағдайы жақсы. 2014 жылы тұрмыс құрған орындаушының жолдасы "Жұлдыз" радиостанциясында жүргізуші болып жұмыс істейді.
Әнші Әсем Мәскеуде Голливудтың R.M.A. мектебінде оқыған, кейін Жалпыресейлік мемлекеттік кинематография институтының актерлік бөлімінде драма театры мен кино актрисасы мамандығын тәмамдаған. Әртіс Қазақстанның рекордтар кітабына рок-музыканы қазақ тілінде орындаған тұңғыш қазақ қызы ретінде енген болатын.
Рок әнші "Жалт етiп өткен" және "Арман" әндеріне түсірілген бейнебаяндарынан кейін танымал бола бастады. Актриса әрі әнші Әсем өзінің ерекше орындаушылық қабілетімен және вокалымен қоғамның назарына ілікті. Әсемнің бар бейнесі оның Отанымен тығыз байланысын айшықтап тұрады. Әншінің шығармашылығын ресейлік әріптестері жоғары бағалап, соның нәтижесінде "Ногу свело" рок-тобымен дуэт шықты. Жақында Әсем "Хранитель пути" фильмінің түсіріліміне қатысты, ол фильмде басты рөлде ресейлік актриса Светлана Ходченкова ойнайды.