Қазақстандық белгілі дизайнер Берік Ысмайылов әнші Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадоны (Жадыра Сахиеваны) татуластырғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Жадо Меруерт Түсіпбаеваның әлеуметтік желіде жазған жазбасын балағаттау мәнінде жазылды деп айыптап, сотқа шағымданған болатын.
Қазақстандық белгілі дизайнер Берік Ысмайылов әнші Меруерт Түсіпбаева мен дизайнер Жадоны (Жадыра Сахиеваны) татуластырғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Жадо Меруерт Түсіпбаеваның әлеуметтік желіде жазған жазбасын балағаттау мәнінде жазылды деп айыптап, сотқа шағымданған болатын.
Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотында дизайнер Жадоның шағымына қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бұл жолы сот отырысына тек тараптардың адвокаттары қатысты. Жадыра Сахиеваның адвокаты Жұмат Әбенов сот процесі барысында Түсіпбаеваның Жадоның шағымына жауап ретінде тағы бір шағым түсіргенін және оның Жадоны қылмыстық жауапкершілікке тартқысы келетінін мәлімдеді.
"Сот Түсіпбаеваның шағымын өндіріске алып, үкім шығарыпты. Енді мен апелляциялық сотта осы үкімге шағымдануым керек. Біз Түсіпбаеваның айыптауларымен келіспейміз. Меруерт Түсіпбаева Жадыра Сахиеваны өзі сияқты балағат сөздер айтты деп ойлап отыр", - деді Жадоның адвокаты Әбенов. Осыған байланысты сот ісі кейінге қалдырылды.
Сондай-ақ, сот отырысына келген дизайнер Берік Ысмайылов жақын арада екі тарапты татуластыруға ниетті екенін мәлімдеді. Берік Ысмайылов Меруерт Түсіпбаеваға соңғы 15 жылда қалай киіну керектігі жөнінде ақыл-кеңес бергенін де айтып өтті.
"Меруертті стильмен киінбейді деп айтқаны бір жағынан менің де ар-намысыма тиді. Мен Жадоны да, Түсіпбаеваны да білемін. Оларды жақсы танимын. Өз жұмыстарымды кейінгі қалдырып, сот отырыстарына келіп жүрдім. Өткен жолы Италиядан ұшып келдім. Сотты күттім, бірақ бұл істі екі рет кейінге қалдырды. Мен енді үшінші рет келмеймін. Сондықтан да қазір қыздарға хабарласып, екеуін татуластырғым келеді. Мұнда олардың өкілдері отыр екен. Бірақ қазір қыздардың екеуі де халық алдына шығуға ұялып отыр. Маған осы жанжал мүлде ұнамайды. Адвокаттар өз істерімен айналысып жатыр, олар үшін бұл істі бір жылға дейін созу қайта тиімді болады. Негізінде бұл істі осында шешіп, осы мәселені жауып қоюға болар еді", - деді дизайнер Ысмайылов.
Сонымен қатар, ол стильдің не екенін және ол сөзді адамдардың Қазақстанда қалай түсінетінін айтып берді. "Стиль - мүлде басқа дүние, адамның ішкі жан дүниесі. Біздің елде адамның жақсы не жаман киінетінін анықтай алатын сән сарапшылары жоқ. Мен Меруерттің стилі жоқ деп айта алмаймын. Себебі, бұл әркімнің субъектив пікірі", - деді дизайнер.
Еске сала кетейік, Жадо мен Меруерт Түсіпбаева арасындағы жанжал 2016 жылдың желтоқсанында шыққан болатын. Дизайнер әншінің Instagram желісіндегі парақшасында жазғанына ренжіп, сотқа арыз түсірген еді. Ол Меруерт Түсіпбаеваны жала жапты және арын қорлайтын сөздер айтты деп айыптап, 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын талап еткен болатын.
Егер Меруерт Түсіпбаеваның кінәсі дәлелденсе, ол 3000 АЕК көлемінде (6 миллион теңгеден көп) айыппұл төлейді немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тартылады, немесе үш жылға бас бостандығынан айырылады немесе шектеледі.