Қазақстандықтың ремиксі Spotify мен Apple Music-те 20 миллионнан аса тыңдалым жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтың ремиксі Spotify мен Apple Music-те 20 миллионнан аса тыңдалым жинады

Франциялық орындаушы K Maro-ның Femme Like U хитына жазылған қазақстандық Мадияр Оңалдиннің ремиксі Spotify-де 10 миллионнан аса, Apple Music-те 12 миллионнан аса тыңдалым жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші Эмма Питерспен бірге дайындалған бұл ән 2020 жылдың жазының хиті еді. Сол кезде трек бүкіл әлемдегі чарттарда алғашқы орындарға шығып, 20 елдегі Shazam-да бірінші орынды иеленді және қазір YouTube-те 20 миллионнан астам қаралым жинап отыр. Сонымен қатар, ремикс Yandex.Music нұсқасы бойынша жылдың үздік электрон трегі атанды. 

Қазір Мадияр жаңа тректер жазып жатыр. Ол жақын арада қазақстандық Dose (Айдос Жұмалинов), Dudeontheguitar (Нұрбек Елемес), Ninety One тобымен, сондай-ақ, шетелдік әртістермен бірге фиттер шығаратынын айтты.

Мадияр Оңалдин Талдықорғанда дүниеге келген, қазір Алматыда тұрады. Жігіт музыкамен шамамен 10 жыл бұрын кездейсоқ айналыса бастаған.

Ол мектептен кейін IT маманы мамандығын таңдағанын айтты. Alibaba Group, American Express, Hublot сияқты ірі компаниялармен жұмыс істеп те үлгерген. Ал қазір барлық уақытын шығармашылыққа арнайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Monaldin (@monaldin.music)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети