15 маусым 2015 | 22:48

ҚазҰУ түлегі Қайрат Нұртас туралы диплом жұмысын жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Қазақ Ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4-курс студенті диплом жұмысын белгілі әнші Қайрат Нұртас пен қазақ эстрадасының өзге де жұлдыздарының шығармашылығына арнады, - деп хабарлайды ZTB.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақ Ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4-курс студенті диплом жұмысын белгілі әнші Қайрат Нұртас пен қазақ эстрадасының өзге де жұлдыздарының шығармашылығына арнады, - деп хабарлайды ZTB.

Басылымның хабарлауынша, студент қазақ эстрадасындағы әншілердің орындауындағы әндердің сөздеріндегі қателерді дипломдық жұмысының негізіне алған. 

Дипломдық жұмысында студент: "Қазіргі әншілер өз әндерінің сөзіне еш мән бермейді. Әуені тыңдар құлаққа жағымды болса болғаны, сөзін сол әуеніне сай қалай болса солай құрастыра береді. Оны тыңдайтын жастар да, тек әуенінің әсемдігі үшін, сөзіне пысқырып та қарамайды. Мысалы: Қайрат Нұртастың "Арман" әнінің кей сөзі тек ұйқас үшін ғана құрылғандығы назар салып оқыған адамға бірден түсінікті.

Қaлaй сүйдім сені,

Құлaй сүйдім сені.

Жүрегімді ұстaп,

Жылaй сүйдім сені; - өлең жолдарындағы "жүрегімді ұстап" тіркесінің тым ұсқынсыз әрі логикасыз тіркес екендігі рас. Мұндай стилистикалық қателер тек ғана Қайрат Нұртастың шығармашылығында ғана кездеспейді", - деп жазды.

Университет түлегі Айқын Төлепбергеннің "Пах, пах" әнін де сынға алды. Оның айтуынша, Айқынның бұл әніндегі кей ұйқастар тым ақылға қонғысыз. 

"Пах, пах, пах қандай ғажап иіс,

Шат, шат, шат қиялыма ілес; - жолдарындағы "шат, шат, шат" тіркесінің "пах, пах, пах" тіркесіне ұйқас ретінде ғана алынғаны бірден байқалады. Тіпті одан келе:

Қандай ыстық жүрегімнен сүйіс,

Созылған кірпігімнен күй ұш; - жолындағы "жүрекпен сүйісу", "кірпіктен күй ұшу" тіркестерінің миға симайтын тіркес екендігі қазақ тілін білетін әр адамға бірден түсінікті", - деді ол.

Студенттің айтуынша, ән - сaн ғaсырлық тaрихы бaр, тaлaй ұрпaқтaн жол-жөнекей жөнделіп, өңделіп, жaңaрып бізге жеткен жaнр. Ғaсырлaр елегінен өткен әндер aйшықтaнa, әрленіп музыкaлық өнердің інжуіне, aсыл қaзынaсынa aйнaлa берген. "Алайда қазіргі заманның кей "тіріөлік" әндері тыңдар құлаққа да тым сүйкімсіз, нәрсіз болып бара жатыр. Ал жастардың талғамы тек әннің әуеніне қарап жасалып, ән сөзіне еш назар аударылмайтындығы тіпті өкінішті. Әрине бұл барлық әнші қауымына және бар әнге қатысты айтылған сөз емес. Алайда "бір қарын майда, бірталай құмалақ әннің" бар екені шындық" - деп аяқтады сөзін диплом жұмысының иесі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети