"Келіндер бәйгесі" шоуының төртінші маусымы көпшілікке ұсынылады

17 Қазан 2017, 12:43
0
"Келіндер бәйгесі" шоуының төртінші маусымы көпшілікке ұсынылады -

31 арна еліміздегі рейтингі ең жоғары "Келіндер бәйгесі" шоуының төртінші маусымын көпшілікке ұсынады. Танымал бағдарламаның аясы кеңіп, бұл маусымда Көкшетау қаласында тұратын бойжеткен үздік қалыңдық болуға таласады. Оның қарсыластары - ақтаулық, алматылық және талдықорғандық қалыңдықтар.

Жоба жасаушылардың айтуынша, "Келіндер бәйгесі" жай ғана қалыңдықтарды таластыратын шоу емес. Реалитидің ең маңызды өзегі - әрдайым басымдылыққа ие әлеуметтік аспекті.

"Бұл ең алдымен, тәрбиелеу құралы, үндеу-жоба. Біз неге үндейміз, неге тәрбиелейміз? Сындарлы болуға, қатып қалған қағидалардан бас тартып, өзгеруге шақырамыз. Біреу үшін емес, өзің үшін өмір сүріп, тиімділігі мен пайдасына қарай шешім қабылдауға үйретеміз. Басқаларға да өмірде маңыздысы елге жақсы болып көріну емес, өзің үшін өмір сүру керектігін айтқымыз келеді, - дейді 31 арнаның Бас директоры Бағдат Қожахметов. - Көрермендерімізге, мәселен, бес жүз адамға той жасауға да, ағайын-туыстың басын қосып, шағын той жасауға да болатынын түсіндіріп, одан үнемделген ақшаға баспана, көлік сатып алған немесе жас отбасына бизнес ашып берген дұрыс екенін ұқтырғымыз келеді. Осы екеуінің қайсысы пайдалы? Қайсысы қажеттірек? Бес жүз адамды тойдырып, ақшаны желге шашу ма, әлде жас жұбайларға бастапқы капитал сыйлау ма? Әрине, есі дұрыс ата-ана екіншісін таңдайды. Өйткені тұрмыстық проблемалар мен жоқшылық қаншама отбасының түбіне жетті?"

Айтпақшы, шоу продюсерлерінің айтуынша, жоба қатысушыларының той салтанатына дайындық кезінде тиімді жағына көбірек мән бере бастағанын. Мәселен, дастарқанды әзірлеу барысында үстелде денсаулыққа пайдалы әрі қажетті тағамдардың тұрғанын көбірек қалайтын болған. Қалыңдықтардың көпшілігі ұннан жасалған, майлы, қуырылған тағамдарға азырақ тапсырыс беріп, олардың орнын жемістермен, салаттармен, жаңа піскен көкөністермен толықтырған. Сонымен қатар, жастар жағы жанды музыкаларға ерекше мән беретін болған.

"Келіндер бәйгесі" шоуының жаңа маусымында көрермен теңіз жағасындағы Ақтау қаласында өтетін үш тойға қатысады және қазақтың ұлттық тағамы - Үлкен астың бірнеше түрлі дайындалу тәсілі бар екеніне көз жеткізіп, толығымен ұлттық нақыштағы салтанатқа қатысып, көптеген салт-дәстүрлердің орындалғанын көріп, алтыбақан теуіп, ұлттық киім киген қыз-жігіттердің өнерін тамашалайды.

Естеріңізге сала кетсек, реалити-шоудың ережесі бойынша, әрбір жаңа шығарылымда жобаға қатысушы төрт қалыңдық әртүрлі қалаларда тұратынына қарамастан бір-бірінің тойына барып, тойдың ұйымдастырылу деңгейіне өз бағасын береді. Сонымен бірге, жоба барысында арнамыздың көрермендері той ұйымдастырушы мамандардан кәсіби кеңестер алады. Маусым соңында тойы үздік деп танылған жеңімпаз қалыңдық жұбайымен бірге бал айына жолдама ұтып алады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай