"Кешірім сұрайтындай ешнәрсе істемедім" - ресейлік блогер басы дауға қалған оқиға туралы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram © instagram

Ресейлік блогер Даня Милохин қазақстандық музыканттарға қатысты пікір білдіремін деп басы дауға қалған еді. Осы жағдай туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында толық айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік блогер Даня Милохин қазақстандық музыканттарға қатысты пікір білдіремін деп басы дауға қалған еді. Осы жағдай туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында толық айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен кешірім сұрайтындай жаман ешнәрсе айтқан жоқпын. Біз клиптерді талқылап, әзілдесіп отырғанбыз. "Өздеріңді еркін ұстаңдар" деген соң өз ойымды ашық айтқанмын. Бір кезде "Олардың клип түсіруге ақшасы бар сияқты" деп пікір білдірдім. Бірақ осы сөзбен клиптің, шынымен керемет шыққанын айтқым келген. Яғни, мақтағым келді. Сондықтан, бәрі мені кінәлап шыққанда не болғанын түсінбедім. Ешкімді ренжіткім келмеді, ренжітемін деп ойламадым. Түсінбеушілік болды. Мен кешірім сұрадым, бірақ не үшін кешірім сұрағанымды түсінбедім", - деді блогер.

Сондай-ақ, Милохин продюсері кешірім сұрау керегін айтқанда, бірден орындамағанын мәлімдеді.

"Егер кешірім сұрасам, өзімді шынымен кінәлі сезінгенім болатынын білдім. Яғни, көп уақыт жаза алмадым, бірақ соңында жазамын деп бел будым", - деді Милохин.

Ресейлік тиктокер кешірім сұраса да, теріс пікір жазатындар азаймағанын, оны кінәлайтын жандар әлі де көп екенін айтты.  

Еске салайық, Қазақстанға келген ресейлік блогер Даня Милохин елдегі музыканттарға қатысты пікір білдіремін деп басы дауға қалған еді. Даня Милохин мен Аня Покров отандық бағдарламалардың бірінде Ninety One тобының "Мен емес" әніне баға береді. "Клип түсіруге ақшасы бардай...", дейді ол. Блогердің бұл пікірі Желіде қызу талқыланған.

Бұдан кейін Даня Милохин болса жағдай ушығып кеткенін аңғарып, Instagram желісіндегі парақшасында "Қазақтар, сіздерді жақсы көремін. Сіздерге тіл тигіземін деп ешқашан ойлаған емеспін. Өзім байқамай ренжітіп қойсам, кешірім сұраймын", - деп жазба қалдырған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro