"КешYou" тобының бұрынғы солисі Айдана Меденова ұзатылды

Айдана Меденова мен Әлішер Нұржанов. ©Neke.kz

"КешYou" тобының бұрынғы солисі Айдана Меденова ұзатылды. Бұл туралы Neke.kz ресурсы әншінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Басылымда ұзату тойының бүгін, 20 наурызда болып өткені жазылған. Сонымен қатар, оның сүйіп қосылған жарының кім екені белгілі болды. Ол - FM, Indigo топтарының продюсері Әлішер Нұржанов. Айдана Меденова мен Әлішер Нұржановтың үйлену тойы 22 наурызда Алматыда өтеді. Айта кетейік, әншінің тұрмыс құратыны жайлы топтың продюсері Баян Есентаева осы жылдың қаңтар айында хабарлаған еді.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, осыған дейін "КешYou" тобынан Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаеваның кетіп жатқаны хабарланған болатын. Топтан кеткен орындаушы Кәмшат Жолдыбаева жеке карьерасын бастады. Мұнымен қатар, "КешYou" тобының жаңа құрамы да белгілі болған еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама