Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Баян Есентаева "КешYou" тобының жаңа құрамын таныстырды

15 Ақпан 2015, 15:23
0
Топтың жаңа мүшесі. ©inform.kz
Топтың жаңа мүшесі. ©inform.kz
©inform.kz
©inform.kz
©inform.kz
©inform.kz

Танымал продюсер Баян Есентаева "КешYou" тобының жаңа құрамын таныстырды, - деп хабарлайды "Қазақпарат"

"Сіздерді "КешYou" тобының жаңа солистерімен таныстырғым келеді! Таныс болыңыздар, Ақбота Сейітмағамбет, 18 жаста. Чайковский атындағы колледждің студенті. Ақбота Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау деген кішкентай қалашығынан. Ол армандардың орындалатынына әрдайым сенген! Арманшыл жас қыз - біздің үлкен үмітіміз!" - деп жазды Есентаева әлеуметтік желіде жария еткен фотосуретінің астына. 

Есентаеваның бұдан кейінгі посттарында ұжымның басқа жаңа мүшелері туралы айтылды. "Балжан Бидаш, 19 жаста. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің студенті. Түрлі конкурстың лауреаты. Шығармашыл отбасында өскен, Сыр елінің талантты тумасы, болашағы жарқын, мақсаты айқын!" - деді ол.

"Жұлдыз Өмірғали, 19 жаста. Рысқұлов атындағы жаңа экономика университетінде "әлем экономикасы" мамандығы бойынша білім алып жатыр. Алматы облысындағы Ұзынағаш елді мекенінде суретшілер отбасында дүниеге келген. Раушанның қарапайым қауызының астында үлкен әлеует пен әрине, талант жасырынып жатыр!" - деп жазды продюсер. 

Айта кету керек, топтың жаңа құрамы 13 ақпан күні Алматыда Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық кешінде алғаш рет өнер көрсетті. Еске салайық, "КешYou" тобының құрамы өзгеретінін продюсері осы жылдың басында-ақ айтқан болатын. Топтың бұрынғы мүшесі Кәмшат Жолдыбаева жеке карьерасын бастаса, Айдана Меденова дизайнерлік қызметке кірісті. 

Ал бұрын бұл топқа Мөлдір Әуелбекова, Әнел Әрінова, Жанар Доғалова сияқты өнерпаздар мүше болды.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай