01 маусым 2015 | 11:22

Ким Кардашьян жүкті екенін жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ким Кардашьян және Канье Уэст. © REUTERS Ким Кардашьян және Канье Уэст. © REUTERS

Ақсүйектер отбасынан шыққан америкалық Ким Кардашьян екінші сәбиін күтіп жүр, - жеп хабарлайды The Huffington Post. Тележүргізушінің аяғының ауыр екендігі туралы ақпаратты белгілі реалити-шоу "Кардашьян отбасы" деген атаумен берді.


Иконка комментария блок соц сети

Ақсүйектер отбасынан шыққан америкалық Ким Кардашьян екінші сәбиін күтіп жүр, - жеп хабарлайды The Huffington Post. Тележүргізушінің аяғының ауыр екендігі туралы ақпаратты белгілі реалити-шоу "Кардашьян отбасы" деген атаумен берді.

"Мен жаңа ғана қан сараптамасының нәтижесін алдым, менің аяғым ауыр", - деді Ким Кардашьян сіңлісі Хлоеге. 34 жастағы жүргізуші мен 37 жастағы оның күйеуі, рэпер Канье Уэсттің бұл екінші баласы. 2013 жылдың 15 маусымында олардың Норт есімді қызы дүниеге келді.

Канье Уэст тамыз айында қызының суретін қайын енесі Крис Дженнердің шоуында көрсетті. Әнші қызы өмірге келген соң өз өмірінің өзгергендігі туралы, қызын өзі тәрбиелейтінін айтты.

Кейін Ким Кардашьян өмірге сәби әкелгеннен кейін дене бітіміне көп көңіл бөлгенін, оны мақтан тұтатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, олар отбасыларын үлкейтуге тырысатындарын да айтқан болатын. Айта кетейік, Ким Кардашьян мен Канье Уэст қарым-қатынастарын 2012 жылдың наурызында жариялады. 2014 жылдың мамырында Францияда олардың үйлену тойы өтті. Сол жылы олар ажырасулары мүмкін екенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети