Кристина Агилера бас бәсекелесі Бритни Спирсті айнытпай салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кристина Агилера бас бәсекелесі Бритни Спирсті айнытпай салды Кристина Агилера мен Джимми Фэллон. ©Pilotfm.com

Америкалық әнші Кристина Агилера өнерде бас бәсекелесі саналған орындаушы Бритни Спирсті айнытпай салды, - деп хабарлайды Elle басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық әнші Кристина Агилера өнерде бас бәсекелесі саналған орындаушы Бритни Спирсті айнытпай салды, - деп хабарлайды Elle басылымы.

Кристина Агилера бала босанғаннан кейін сахнаға шыққанын америкалық The Tonight Show телешоуында жария етті. Бағдарлама жүргізушісі Джимми Фэллон кішігірім сұхбаттан кейін қонақпен бірге ойын ұйымдастырды. Бұл ойында қонақ өзге орындаушылардың репертуарындағы әндерді белгілі әншілердің дауыс ырғағын сала отырып, орындауы тиіс.

Жеребе бойынша, Агилераға Шер мен Шакираны салу керек болды, бірақ көрермендерді оның Бритни Спирсті айнытпай салғаны таңғалдырды. Айта кетейік, Спирс оның өнердегі ең басты бәсекелесі саналып келген. Телешоу қонағы белгілі жұлдыздың дауысымен балаларға арналған This Little Piggy әнін орындайды. Ал жүргізуші болса "Бритни Спирс - сіз мұндай әншіні танисыз ба?" деп отқа май құя түсті. 

Агилераның әзіл-қалжыңға толы өнері Интернетте нағыз хит болды. Видео Youtube желісінде жарияланғаннан кейін 25 миллион рет көрілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети