Қуаныш Бейсеков "Ирина Кайратовна" жобасынан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуаныш Бейсеков "Ирина Кайратовна" жобасынан кетті Фото: instagram.com/kukabeisek

"Ирина Кайратовна" тобының клиптерінің бас режиссері Қуаныш Бейсеков жобадан кетті. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ирина Кайратовна" тобының клиптерінің бас режиссері Қуаныш Бейсеков жобадан кетті. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Пост сирек саламын, сол себепті осы сәтті қолданып оқырмандарымды тәуелсіздікке жеткен күнімізбен құттықтағым келіп тұр. Ұлтымызды таңдамасақ та, қазақ болып, тәуелсіздікті енді алған заманда жайдан-жай тумағанымды күннен-күнге қатты сезініп келемін.

Тағы да айтарым, мен "Ирина Кайратовна" жобасынан кеттім. Әрі қарай өзімнің Yelimai education қорым арқылы қазақ тарихы мен этнографиясын жеңіл түрде жеткізуге бел будым. Балалармен бірге бәріміз үлкен заттарды армандап, суық Астанада жұмысымызды бастап едік.

"Ирина Кайратовна" - әрдайым жүрегімде ерекше орын алатын жоба. Алдияр, Азамат, Илья, Жаслан және Ұланға үлкен рақмет, сендерсіз қайда болатынымды білмейді екенмін. Беретінімді бердім деп ойлаймын, ары қарай жаңа белестерге жол тарттым", - деді Бейсеков.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kuka (@kukabeisek)

"Ирина Кайратовна" шығармашылық тобының мүшелері - Азамат Маркленов, Алдияр Жапарханов, Илья Гуменный және Жасұлан Оңғаров жобаны ЕҰУ қабырғасында құрған. Бастапқыда жігіттер вайндар мен скетчтер түсірді, кейінірек олар музыкалық топқа айналды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети