12 наурыз 2018 | 16:06

"Құдды үнді киносындай". Қайрат Нұртастың жары әншімен қалай танысқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial © instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова әншімен қалай танысқанын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды. 


Иконка комментария блок соц сети

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова әншімен қалай танысқанын айтты. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды. 

Оның айтуынша, әншіге назары ауып жүрсе де, бірінші болып қадам жасауға қымсыныпты.

"Бізге жиі қойылатын: "Қайда? Қалай таныстыңыздар?" деген сұраққа қысқаша жауап беруге тырысайын. 
2004 жыл... Күз... Жаңа оқу жылы... РЭЦК... Қайрат - вокал бөліменде, ал мен - актер бөліменде оқып жүрген кезіміз. Бір-бірімізді сырттай біліп жүргенімен, арнайы таныс болған емеспіз. Бір ай бойы көзбен ғана танысып, бір-бірімізді бақылап жүрдік. Бірақ, мен оны көрген сайын, жүрегім еріксіз жылып, жүзім жайнап, ішкі жан дүнием езіле қалатын. Алайда, санам бұл сезімдерді қабылдамайтын, мінезім де сезімдерге ерік бермейтін, жігітті менсінбейтін, өзіме де, өзгеге де қатал Жұлдыз болатынмын. Сонда да, бойжеткеннің жігітке сезімін бірінші еш уақытта білдірмеу керек деген, қағида санамда әбден сіңіп қалған. Қазан айының шуақты күнінде, асxанада, түскі асымды алып тұрған кезімде, Қайратты жоғарғы курстың бірі (өздерінің системасы бойынша), қасыққа жұмсағанын құлағым шалып қалды. Сол стол басында, өзімнің де топтастарымның отырғанын байқап, қасықты Қайраттан бұрын, өзімнің тақтайшама қойып алып, "Өзім апарып беремін"- дедім де, бір жымиып, жанынан өтіп кете бардым. Қайрекең тұрған бойда, артымнан қарап, үнсіз қала берді... Сол екі арада, көздеріміз тоғысып, ортамыздан бір ұшқын ұшып өткен тәрізді... Құдды үнді кинодағыдай болды. Мені ең бірінші рет көрген кезінде де, сол үнді актирсаларының біріне ұқсатқанын жасырмады. Алғашқы таныстығымыз осылай басталып еді... Ең тәтті, таза әрі алаңсыз өміріміздің бастамасы деп білемін. Жалпы, екеуміздің студенттік кезіміз қызығы мен қатар шыжығына да толы болатын. П.с. Сіздерге қызық болса, кейінірек жалғасын жазармын...", - деп әңгімеледі ол.


© instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың жеке өміріне және оның отбасына қатысты мәліметтер он жылдан артық уақыт бойы құпия болып келген еді. Әнші жұбайын 2017 жылы қазанда өткен "Арман..." (орысша атауы "Когда ангелы спят") атты фильмнің таныстырылымында ғана ел алдына алып шыққан болатын. Кейін Қайрат Нұртастың балалары әкесінің концертінде тұңғыш рет жұрт алдына шығатыны хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети