Қытайдағы ауқатты жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді қолдаудың ерекше әдісін тапты

viewings icon 352 comments icon 6

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері әрі досы Алпамыс Шаримов Tengrinews.kz тілшісіне қытай жанкүйерлерінің белсенділігі жайлы айтып берді.   

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 6

Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері әрі досы Алпамыс Шаримов Tengrinews.kz тілшісіне қытай жанкүйерлерінің белсенділігі жайлы айтып берді.   

Айтуынша, қытайлық жанкүйерлер мен тыңдармандар I am a Singer байқауына қатысып жатқан қазақстандық әншіге кең қолдау көрсетіп жатыр. "Мұндай ерекше қолдау өнер адамына баға жетпес шабыт тілейді", - деген Шаримов Қытайдағы ауқатты жанкүйерлердің үй сыртына Димашқа қолдау көрсету үшін жарық шамдармен көмкеріп, атын жазып қойғаны түсірілген суретті жолдады. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, қытайлық IT-мамандар Димаштың смартфондарға арналған бағдарламасын ойлап тапқан. 

"Әрине, кез келген өнер адамы үшін осындай сыйлықтар ерекше көңіл-күй сыйлайды. Димаш өзінің жанкүйерлерін шынымен де жақсы көреді", - дейді әншінің PR-директоры.

Сондай-ақ, Димаштың суреті бар, қазақ тіліндегі "Мен сені сүйемін" деген сыйлық салғыш қаптар да кеңінен таралып жатыр екен.


Ал бұл жанкүйерлердің Димаштың құрметіне арнайы жасаған печеньесі екен.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген қатысып жатқан байқаудың бесінші кезеңі әдеттегідей сенбіде Hunan TV арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Әнші Bruno Mars репертуарынан "Uptown Funk" әнін орындайды. Осыған дейін әнші Іnstagram желісіндегі парақшасында "Осы аптада Bruno Mars репертуарынан "Uptown Funk" әнін орындау тапсырылды. Бұл ән менің жан дүниеме бөтен - бірақ тапсырманы 100 пайыз орындауға тырысамын! Сіздер үйренген Димашты осы апта көрмейсіздер! Алдын ала кешірім сұраймын! Бірақ, көңілді болатынына сенімдімін! Сенбі күні 20:05-те (Астана уақытымен). Hunan Tv арнасынан #IAmSinger жобасын өткізіп алмаңыздар!", - деп жазған еді.

Осыған орай, әншінің өкілі дайындықта түсірілген суреттерді жолдап отыр.


© Алпамыс Шаримов

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 6
Комментарии проходят модерацию редакцией
Үздік пікірлер Ескі пікірлер
А
Адик
А
Алтын қыз
Қ
Қазақ

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
14°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю