Леди Гага тұрмысқа шыққалы жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Леди Гага тұрмысқа шыққалы жатыр Леди Гага мен Кристиан Карино. © Robert Deutsch/Reuters

Америкалық танымал әнші Леди Гага (шын есімі - Стефани Джоанн Анджелина Джерманотта) агент Кристиано Кариномен некелеспек, - деп хабарлайды РИА Новости US Weekly журналына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық танымал әнші Леди Гага (шын есімі - Стефани Джоанн Анджелина Джерманотта) агент Кристиано Кариномен некелеспек, - деп хабарлайды РИА Новости US Weekly журналына сілтеме жасап. 

Creative Artists Agency компаниясының қызметкері болып келетін Карино әншінің әкесінен рұқсат алғаннан кейін, "Грэмми" премиясының иегерімен  жазда сөз байласқан екен.  Жұлдызды жұп әзірге үйлену тойының қамымен айналысып жатқан жоқ, себебі барлығы қазір әншінің денсаулығына алаңдап отыр. 

Қыркүйекте Леди Гага қатты ауырғанына байланысты Еуропада өткізбекші болған турнені 2018 жылға ауыстырғанын мәлімдеген еді. Ескі жарақатынан құтылу үшін Гага жеті апта бойы ем қабылдауы керек. Осыған дейін БАҚ әншінің фибромиалгиямен ауыратыны жайлы хабарлаған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.04  course down  601.1  course down  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети