05 ақпан 2018 | 09:41

Луинаның бұрынғы продюсері әншімен айырылысқанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Луина мен Жомарт Маметкәрім. Луина мен Жомарт Маметкәрім.

Әнші Луинаның экс-продюсері Жомарт Маметкәрім Луинамен айырылысқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әнші Луинаның экс-продюсері Жомарт Маметкәрім Луинамен айырылысқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы продюсер Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Продюсердің айтуынша, БАҚ өкілдері түсініксіз мәліметтерді жариялап жатқандықтан ол ешқандай да өсек-аяң таралып кетпес үшін осы жайлы өзі айтуды жөн көрген.

"Шын мәнінде бәрі қарапайым. Мінезіміз жараспады. Қазіргі кезде осылай айтады ғой. (...) 7 жыл бұрын маған "X Factor" жобасынан кейін кастингке келген ұялшақ, ұяң Луина менің есімде. Бірнеше жыл бірге жұмыс істеген соң ол мықты әрі табысты адамға айналды. Өзінің шығармашылық жолын әлі де жалғастырады деп сенемін.

Біраз уақыт бірге болдық, бірақ бір сәтте жолымыз бөлек кете бастады. Ешқандай да жанжал, өкпе немесе келіспей қалу деген болған жоқ. Біз енді жұп емеспіз, бірақ біз дос болып қала береміз.

Орын алған жағдайларға қарамастан мен оған тек сәттілік және ... бақыт тілеймін. Әрбір сәтті бағалап, төзімді болып, бір-біріңізді сүйіңіздер", - деп жазды продюсер.

Айта кетейік, 2017 жылдың ақпанында Луина 30 жасқа толуын атап өткен соң Жомарт Маметкәрім екеуінің үйленетінін мәлімдеген еді. Луина сол кезде продюсермен 7 жыл уақыт бірге болғандарын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети