Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова өзін әлем жұлдызы Ким Кардашьянмен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова өзін әлем жұлдызы Ким Кардашьянмен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші Instagram-ға жариялаған видеосына "Кимекең Кардашьян әдірәм қалсын" деген әзіл сипаттама жазған. Роликте ол кешке арналған көйлегін паш етіп, желі оқырмандарын тәнті етті.
"Сұлусыз, кім айтады 43-те деп сізді", "Қазақ әйелінің символы", "Әдемі, көздің жауын алып тұрсыз от болып. Тіл-көзден сақтасын!", "Менің сұлу, әдемі, керемет әншім!", "Отсыз ғой, от!" деп пікір жазған желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мәдина Сәдуақасова 1979 жылы 8 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Эстрада әншісі, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1992 жылы он үш жасында "Әнші балапан" байқауына қатысқан. Көптеген байқауларда бас жүлде иеленген. Ал 1999 жылы Мәдина "Жас Қанат" байқауында ән шырқап, сол сәтте жас әншінің ерекше дауысына тәнті болған Роза Рымбаева өз қамқорлығына алады. Артынша, Роза мен Мәдинаның дуэт болып шырқаған "Мақсат - бақыт бастауы" атты әні жарық көрді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
1999 жылы Мәдина, "Азия Дауысы" байқауында бағын сынайды. 2004 жылы Ермек Елгезектің "Махаббат жалыны" атты әніне алғашқы бейнебаянын түсірді. Сезімге толы, керемет ән халық арасында кеңінен таралып кетті. Араға көп уақыт салмай "Аңсағаным" деп аталатын өзінің тұңғыш ән жинағы жарық көрді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Ким Кардашьян - 41 жастағы америкалық реалити-шоу жұлдызы, актриса, фотомодель әрі бизнесвумен. "Семейство Кардашьян" атты реалити-шоуынан кейін әлемге танылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!