Мадоннаның қызы мектеп бітіру кешіне жұпыны киініп барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадоннаның қызы мектеп бітіру кешіне жұпыны киініп барды Фото super.ru сайтынан алынды

Мадоннаның қызы бітіру кешіне жұпыны киініп барды, - деп хабарлайды SUPER таблоиды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мадоннаның қызы бітіру кешіне жұпыны киініп барды, - деп хабарлайды SUPER таблоиды.

Мадоннаның үлкен қызы Лурдес жуырда дизайн мамандығы бойынша  La Guardia Fiorella High School мектебін бітірді. Анасының барлық қыңыр қылықтарын бойына сіңірген 17 жастағы қыз бітіру кешіне шараға сай киініп келмеді. Атақты әншінің қызы Линкольно-орталықта болған салтанатты шараға сары түсті жеңіл сарафан мен аяғына ақ түсті кеда киіп келген. 

Жас ару мантия мен бітірушілерге арналған арнайы бас киімді кимей, бітіру кешінде киетін киімдерін қолында ұстап жүрді. Дәл осы уақытта қатты жел тұрып Лурдес қолындағы төртбұрышты бас киімін жерге құлатып алды. Бірақ, бұл жағдай оның көңіл-күйіне кері әсерін тигізген жоқ. Дипломды салтанатты табыстау шарасында да ол өзінің әдепсіз қылықтарын жалғастырып, бет-аузын тыржитып, өзге бітірушілерге қарап тұрды. Айта кетейік, болашақ дизайнер бүгінгі таңда өзінің академиялық оқуының келесі қадамына дайындалып жатыр екен. Іt-girl порталына белгілі болғандай, ол Мадонна оқыған Мичиган Университетіне түсуге талпынып жүр. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети