Мақпал Жүнісова: Банктегі есепшотымда көк тиын да жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақпал Жүнісова: Банктегі есепшотымда көк тиын да жоқ Мақпал Жүнісова. ©alashainasy.kz

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жеке есепшоттарға қаражат сақтамайды. Бұл туралы ол Baistars.kz порталына берген сұхбатында айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова жеке есепшоттарға қаражат сақтамайды. Бұл туралы ол Baistars.kz порталына берген сұхбатында айтты.

"Жалпы, мен өзімнен ақшаны аямайтын адаммын. Барлығы да халықтың арқасында келіп жатқасын, солардың алдында әрқашан жарқырап жүргім келеді. Сенбеуіңіз де мүмкін, банктегі жеке есепшотымда көк тиын да жоқ. Бүгінге дейін ақша жинап көрмеппін", - деді әнші. 

Соған қарамастан, оның сахналық көйлектерінің әрқайсысының бағасы 1 мың доллардан басталады. Оларды белгілі дизайнерлер тігіп береді. Әнші 1 мың доллардан аз төленетін тойларға бармайтынын айтты. "Онда да қатты қысылып, жағдайы болмай тұрғанда ғана келісемін. Кейде соның жартысына да қазақы көңілмен 5-6 әнімді шырқап кететінім бар. Бәрі де адамның қалтасына қарай шешіледі десем болады", - деді әнші. Оның айтуынша, тойдан ең көп қаражатты - 10 мың долларды осыдан бір-екі жыл бұрын тапқан. 

Жүнісова азық-түлік сатып алу үшін "Көкбазарға" әр барған сайын үйсіз-күйсіздерге біраз ақша беріп кететінін де жеткізді. "Көкбазарда" қайыр сұрайтын 3-4 таныс кемпір бар. Барған сайын соларға 5-6 мың теңгеден ұстатып кетемін. "О! Мақпал келе жатыр" деп, олар әрдайым мәз болғанда, жаным ашиды. Кейін араға апта салып, қайта келгенде, "өткендегі ақшаны мынаған жұмсадым" деп кәдімгідей есеп беріп жатады", - деді Мақпал Жүнісова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети