Мексиканың "Әлем аруы" байқауына неліктен қатыспайтыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексиканың "Әлем аруы" байқауына неліктен қатыспайтыны белгілі болды "Әлем аруы-1991" Лупита Джонс. © columbia.co.cr

Мексика өз қатысушысын "Әлем Аруы" байқауына жіберуден бас тартты, оған сұлулық байқауының құқық иесі Дональд Трамптың жасаған мәлімдемесі сеп болды, бұл туралы байқаудың Мексикадағы директоры әрі "Әлем аруы-1991" басшысы Лупита Джонс өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мексика өз қатысушысын "Әлем Аруы" байқауына жіберуден бас тартты, оған сұлулық байқауының құқық иесі Дональд Трамптың жасаған мәлімдемесі сеп болды, бұл туралы байқаудың Мексикадағы директоры әрі "Әлем аруы-1991" басшысы Лупита Джонс өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

Ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастырушысы Джонс Трамптың кез келген жобасына қатыспайтынын хабарлады. Бұған миллиардердің 2016 жылы АҚШ-тың президенттігіне сайлауға түсуге ниетті екені туралы жасаған мәлімдемесі себеп болды. Бизнесмен ол кезде мексикалық босқындарды қылмыскерлер және зорлықшылар деп атады. Оның айтуынша, Мексика АҚШ-қа дұрыс адамдарын жібермейді, "проблемасы көптерді жібереді. Олар мұнда есірткі мен қылмыс әкеледі", - деді ол.

"Әлем Аруы - бұл ұлы тарихы бар әлемдік байқау, ол бірлік пен достықты ең басты деп санайтын елдерді мәдени тосқауылдардан өтіп, қатысуға шақырады. Бұл масқара, біз оның нәсілшілдік пікіріне бола байқаудан және көп жылдан бері ұлт арасындағы бейбітшілік пен үйлесімді бейнелеп тұрған атмосферадан тысқары қаламыз, сондықтан біз Televisa мәлімдемесіне байланысты "Әлем аруына" қатыспаймыз", - деп жазды Джонс.

Трамптың мәлімдемесі мексикалықтар арасында аса зор наразылық тудырды. Американың испан тілінде хабар тарататын Univision телеарнасы "Әлем аруы" байқауын көрсетуден бас тартты. Осыдан кейін Дональд Трамп байқауды тарату туралы келісімшарттың бұзылуына байланысты телеарнаның үстінен 500 миллион долларға талап арыз түсірді.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети