"Меломен" тобының әншілері жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Меломен" тобының әншілері жол апатына ұшырады © baistars.kz

"Меломен" тобының әншілері жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Baistars.kz тілшісі. Топтың мүшесі Жігер Ауыпбаев ауруханада жатыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Меломен" тобының әншілері жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Baistars.kz тілшісі. Топтың мүшесі Жігер Ауыпбаев ауруханада жатыр.

Сайт тілшілерінің мәліметінше, әншілер 7 ақпанда таңғы сағат 04.00 шамасында Алматы қаласында әл-Фараби даңғылының бойымен Lexus көлігімен Алма-арасан шатқалына көтеріліп бара жатып, жол-көлік апатына ұшыраған. Тізгінде Жігер Ауыпбаев болған. Ол рұқсат етілген жерден солға қарай бұрылыс жасаған сәтте арт жақтан қатты жылдамдықпен Nissan маркалы жол талғамайтын көлік соққан. Қатты соққыдан Жігер Ауыпбаев жүргізіп келе жатқан көлік бір аунап, шетке ұшып түскен. Абырой болғанда, топтағы үш жігітке зақым келмеді. Ал тізгінде отырған Жігер орнынан қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Жігерді қалалық №12 ауруханаға алып кетті. Қазіргі таңда Жігер ем қабылдап жатыр. Айта кетейік, 10 ақпан күні "Меломен" тобы және Жігер Ауыпбаев өзі басты ролді сомдаған "72 сағатта үйлену" фильмінің тұсаукесеріне қатысу керек болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети